Матч орталығы
Смаков – Қалмұрза туралы: жас ойыншыларды асыра мақтауға болмайды
05.10.2025 18:43

Фото: Шерхан Қалмұрза
Талдықорғандық «Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смаков ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза туралы пікірімен бөлісіп, жас футболшыларға шектен тыс көңіл бөлмеу керектігін жеткізді.
«Үлкен адам ретінде мен онымен сөйлесуге тырысамын. Шынымды айтсам, мен оған баспасөзбен сөйлеспеуге, ешбір телебағдарламаларға шықпауға кеңес бердім – ол әлі өте жас. Қарапайым мысал: Сейдахмет «Уфаға» ауысқанда, оны өзіміз жоқ қылып жібердік. Әр қадамын аңдып, Еркебұлан дәретханаға барды, Еркебұлан кока-кола сатып алды, ананы істеді, мынаны істеді деп, ақыр соңында талантты ойыншыны жоғалтып алдық», – деді Смақов.
Бапкердің айтуынша, шамадан тыс көңіл бөлу және атақ-даңққа ерте жету жас футболшылардың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.
«Дәл қазір жігіттерге қысым жасамай, оларға қолдау көрсету маңызды. Олар әлі ештеңе ұтқан жоқ, сондықтан мақтаудың қажеті жоқ. Дәл осы буын бір секундта жоғалып кетуі мүмкін», – деп қосты Смаков.
18 жастағы «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрза биыл алматылық клуб сапында дебют жасап, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Реалға» қарсы ойнаған болатын.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
3ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Өміржан Солтангельдинов