Матч орталығы
Громыко – «Ақтөбені» жеңгені жайлы: мақсатымыз қандай жағдай болса да үш ұпай алу болды
15.09.2025 09:08

Фото: Валерий Громыко
Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Валерий Громыко ҚПЛ 23-ші турында «Ақтөбені» жеңгеннен кейін ASNews.kz (BorodAbata) тілшісі Өміржан Солтангелдиновке берген сұхбатында өз эмоцияларымен бөлісті.
«Матч қиын болды, бірақ бәрібір ойын біздің бақылауымызда болды. Сондықтан, біз үшін бүгін тек жеңіс маңызды болды. Біз «әдемі ойын» туралы ойлаған жоқпыз. Біздің міндетіміз қандай жағдай болса да үш ұпай алуға негізделді.
Шерханның (Қалмұрзаның) қабілетін білеміз, оған еш күмәніміз жоқ. Ол бізбен бірге жаттығады, біз бәрін түсінеміз. Бүгін қосалқы құрамнан шығып, қақпасына гол өткізбеді. Енді бастысы – Темірланның тезірек сауығып кетуін тілеу, өйткені бұл өте қорқынышты эпизод болды», – деді Громыко.
Матчтың 10-минутында «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков Уче Агбомен соқтығысқаннан кейін жарақат алып, алаңнан зембілмен кетуге мәжбүр болды. Оның орнына 18 жастағы Шерхан Қалмұрза шығып, матч аяқталғанша қақпасына гол жібермеді. Екінші таймда Еркін Тапаловтың пасынан кейін гол соққан Дастан Сәтпаев алматылықтарға жеңіс сыйлады.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
3ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Өміржан Солтангельдинов