Матч орталығы
«Ордабасы»—«Қайсар»: Қазақстан Кубогының финалына болжам мен бәс тігу
7 қараша, 09:13

Фото: «Ордабасы»—«Қайсар»
7 қарашада Түркістанда 2026 жылғы маусымдағы Қазақстан Кубогының финалы өтеді: шымкенттік «Ордабасы» мен қызылордалық «Қайсар» кездеседі, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Ордабасы»
Шымкенттік клуб Қазақстан Премьер-лигасының алтын медальдарын мерзімінен бұрын жеңіп алып, финалға елдің ең мықты командасы мәртебесінде келіп отыр. Чемпионат соңында команда сәл босаңсуға жол беріп, 30-шы турдағы еш маңызы жоқ матчта «Ертістен» (0:2) жеңіліп, «Жеңіспен» тең түсті (1:1). Алайда финалға деген мотивация өте жоғары болмақ — оңтүстіктердің «алтын дубль» жасауға тарихи мүмкіндігі бар. Турнирдің шешуші матчына барар жолда «Ордабасы» «Каспийді» (3:0) сенімді жеңіп, «Жетісудан» (1:0) өтті және тамыз айындағы жартылай финалда екі кездесудің қорытындысы бойынша «Алтайды» (3:1, 1:2) тізе бүктірді. Чемпион еліміздегі ең қуатты әрі теңгерімді шабуыл шебіне ие.
«Қайсар»
«Дала қасқырлары» үшін бұл финал — соңғы жылдардағы басты матч және аса тұрақсыз маусымды құтқарып қалудың жалғыз мүмкіндігі. Команда ҚПЛ соңын сәтсіз өткізді: соңғы үш турда қызылордалықтар «Жетісу» (1:2) мен «Жеңіске» (1:2) есе жіберіп, «Астанамен» голсыз тең ойнап, небәрі бір ұпай жинады. Дегенмен, команданың кубоктық мінезіне күмән жоқ. Номиналды қонақтардың турнирлік торы өте қиын болды: олар сенсациялық түрде «Қайратты» (2:1) жарыстан шығарып, содан кейін пенальти сериясында қостанайлық «Тобылдан» (1:1, пен. 5:3) өтті және тартысты күресте «Жеңістің» (3:1, 2:3) қарсылығын сындырды. Қызылордалықтар өздерінің андердог мәртебесін жақсы түсінеді және стандарттар мен қарсы шабуылдарға баса назар аудара отырып, көп қабатты қорғаныс құратыны анық.
Фактілер мен сандар
Финалға барар жолда шымкенттіктер «Каспий», «Жетісу» және «Алтайды» қақпайласа, қызылордалықтар «Қайрат», «Тобыл» және астаналық «Жеңістен» өтті.
ҚПЛ соңында «Қайсар» соңғы үш матчтың бірде-біреуінде жеңіске жете алмады.
«Ордабасы» Премьер-лигадағы триумфтан кейін 2026 жылғы маусымдағы екінші ұлттық кубокты жеңіп алу мүмкіндігіне ие.
ASnews.kz болжамы
Финалдық матчтарда қатенің құны еселеп артады, сондықтан алғашқы минуттардан ашық әрі нәтижелі футбол күтудің қажеті жоқ. «Ордабасы» допты бақылауға алып, қарсыластың қалың қорғанысын жүйелі түрде бұзуға тырысады. Деңгей мен қазіргі формадағы айырмашылықты ескерсек, шымкенттік клуб ойыншыларының шеберлігі екінші таймда өз нәтижесін беруі тиіс. «Қайсарға» чемпионның шабуыл қуатын толық 90 минут бойы ұстап тұру қиынға соғады.
Негізгі болжам: «Ордабасының» негізгі уақыттағы жеңісі
Альтернативті болжам: Матчтың жалпы тоталы 2.5-тен кем
Өміржан Солтангельдинов