Матч орталығы
«Ордабасы»—«Жеңіс»: ҚПЛ ойынына болжам мен бәс тігу
24 қазан, 08:15

Фото: «Ордабасы» ФК
24 қазанда Шымкентте 2026 жылғы маусымдағы Қазақстан премьер-лигасының 29-шы турындағы матч өтеді: «Ордабасы» елордалық «Жеңісті» қабылдайды, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Ордабасы»
Шымкенттік клуб чемпиондық атақты жеңіп алуға бір табан жақын тұр. Қазіргі уақытта алаң иелері турнир кестесінде сенімді түрде көш бастап келеді. Өткен турда, 17 қазанда «Ордабасы» «Ақтөбені» (3:1) жеңсе, оның алдында «Қайсарды» (4:1) тас-талқан етті. Команда өз алаңындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда қатарынан 11 рет жеңіске жетіп, феноменальді нәтижелер көрсетуде. Лиганың үздік сұрмергені Бьорн Йонсен (14 гол) бастаған мықты шабуыл шебі матч тағдырын шешіп, қалаға мереке сыйлауға дайын.
«Жеңіс»
Елордалық клуб турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасып, мүлдем басқа міндеттерді шешуде. Қазан айы «Жеңіс» үшін өте сәтсіз өтуде: команда қатарынан үш рет жеңіліс тапты. Соңғы екі турда қонақтар «Атырауға» (1:2) және «Тобылға» (2:4) жол берді. Елордалық ұжымның басты мәселесі сырт алаңдағы әлсіз ойынында жатыр — соңғы 10 қонақтағы кездесудің 8-інде команда жеңіліске ұшырады. Мотивациясы өте жоғары көшбасшыға қарсы алдағы матчта қонақтарға қатаң қорғанысқа сүйенуге тура келеді, өйткені оларда ашық ойын үшін ресурстар жетіспейтіні анық.
Фактілер мен сандар
ҚПЛ-дегі соңғы матчтарында «Ордабасы» «Қайсарды» (4:1) және «Ақтөбені» (3:1) сенімді түрде жеңді.
«Жеңіс» соңғы турларда «Атыраудан» (1:2) және «Тобылдан» (2:4) ұтылып, қатарынан үш жеңіліс сериясымен келеді.
«Ордабасының» ҚПЛ-дегі өз алаңындағы жеңісті сериясы 11 матчқа жетті.
Шымкенттіктердің норвегиялық шабуылшысы Бьорн Йонсен 14 голмен сұрмергендер көшін бастап тұр.
ASnews.kz болжамы
Бұл текетіресте командалардың деңгейін салыстыруға келмейді. «Ордабасы» алаңға керемет мотивациямен шығады — жеңіс клубқа чемпиондықты қамтамасыз етуі мүмкін. Алаң иелері істі созбаққа салмай, ойын барысын бақылау үшін жылдам гол соғуға тырысары сөзсіз. Терең дағдарысты бастан кешіріп жатқан және сырт алаңда көп гол жіберетін «Жеңіс» фавориттің екпінін ұстап тұра алуы екіталай. Өз жанкүйерлерін нәтижелі футболмен қуантатын шымкенттік клубтың сенімді жеңісін күтеміз.
Негізгі болжам: «Ордабасының» жеңісі форамен (-1.5)
Альтернативті болжам: «Ордабасының» жеке тоталы 2-ден көп
Өміржан Солтангельдинов