«Атлетико Мадрид»—«Барселона»: қонақтар есе қайтаруға тырысады
14 сәуір, 08:11
Фото: «Атлетико Мадрид»—«Барселона»
15 сәуірге қараған түні «Атлетико» Чемпиондар лигасы 1/4 финалының қарымта матчында «Барселонаны» қабылдайды, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Атлетико Мадрид»
Диего Симеоне командасв жауапты ойынға маңызды басымдықпен келеді. Алғашқы матчта мадридтік клуб Барселонада 2:0 есебімен жеңіске жетті: Пау Кубарси алаңнан қуылғаннан кейін Хулиан Альварес пен Александер Сёрлот гол соқты.
Сонымен бірге команданың қазіргі формасы тұрақты емес. Чемпиондар лигасында «Барселонаны» жеңгеннен кейін мадридтіктер чемпионатта «Севильядан» жеңілді, ал оған дейін Ла Лигада дәл осы «Барселонадан», сондай-ақ «Реал» мен «Тоттенхэмнен» ұтылған еді.
«Барселона»
Каталондық клуб жауапты матчқа қиын жағдайда келіп отыр: өз алаңындағы 0:2 есебіндегі жеңілістен кейін енді екі гол айырмасын қайтаруы керек. Ойын алдында Ламин Ямаль камбэк жасау мүмкін екенін айтып, команданың әлі де келесі кезеңге шығуға сенетінін жеткізді.
Соңғы нәтижелерге қарасақ, бұл матч алдында «Барселонаның» жақсы ойындары да болды: команда чемпионатта «Атлетиконы» жеңді, «Эспаньол» мен «Райо Вальеканоны» ұтты, ал оған дейін «Ньюкаслды» ірі есеппен жеңген еді. Бірақ алғашқы матчтағы 0:2 есебі каталондықтарды алғашқы минуттардан бастап тәуекелге баруға мәжбүрлейді.
Фактілер мен сандар
- Алғашқы матч «Атлетиконың» 2:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
- «Атлетико» тоғыз жылдан кейін алғаш рет Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуы мүмкін.
- «Барселона» соңғы матчында «Эспаньолды» 4:1 есебімен ойсырата жеңді.
ASnews.kz болжамы
Алғашқы матчтың нәтижесіне қарай, жауапты ойынға «Атлетико» әлдеқайда ыңғайлы жағдайда келеді. Дегенмен «Барселона» алғашқы минуттардан-ақ қысым жасап, тәуекелге барады. «Атлетиконың» соңғы уақытта тұрақсыз нәтиже көрсетіп жүргенін және соңғы турда жеңіліп қалғанын ескерсек, каталондықтардың бұл матчта жеңіске жетуге мүмкіндігі бар.
- Негізгі болжам: «Барселонаның» жеңісі
- Альтернативті болжам: Екі команда да гол соғады — иә
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
«Бельгия – Дастан үшін тиімді нұсқа»: Сәтпаевты «Челсиға» ауысқаннан кейін не күтіп тұр?
1Покатиловтың клубы «Қарабақты» жүлдесіз қалдыруы мүмкін: сарапшы сенсацияны талдады
2ФИФА-ның экс-төрешісі «Ертіс» қақпасына белгіленген екі пенальти туралы: абайсыздық үшін жазалау керек
3Турнирлік кесте
Қайрат
Елімай
Оқжетпес
Ордабасы
Қызылжар
Астана
Ұлытау
Атырау
Ақтөбе
Ертіс
Жетісу
Қайсар
Жеңіс
Алтай
Тобыл
Каспий
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Брайтон
Сандерленд
Борнмут
Фулхэм
Кристал Пэлас
Ньюкасл Юнайтед
Лидс
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Тоттенхэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Реал Сосьедад
Хетафе
Осасуна
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Жирона
Райо Вальекано
Валенсия
Мальорка
Севилья
Алавес
Эльче
Реал Овьедо
Леванте
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Хоффенхайм
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Майнц
Аугсбург
Унион Берлин
Гамбург
Кёльн
Боруссия М
Вердер
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Наполи
Милан
Ювентус
Комо
Рома
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Дженоа
Парма
Кальяри
Фиорентина
Кремонезе
Лечче
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Марсель
Ренн
Монако
Лион
Страсбур
Лорьян
Тулуза
Брест
Париж
Анже
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Өміржан Солтангельдинов