Матч орталығы
«Ньюкасл Юнайтед»–«Барселона»: каталондықтар жеңіске жетуі тиіс
10 наурыз, 19:34

Фото: «Ньюкасл Юнайтед»–«Барселона»
11 наурызға қараған түні «Ньюкасл Юнайтед» Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы матчта «Барселонаны» қабылдайды, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Ньюкасл Юнайтед»
Эдди Хау командасы бұл ойынға тұрақсыз формада келіп отыр. Соңғы бес матчта «қарғалар» тек екі рет жеңіске жетті – «Манчестер Юнайтедті» (2:1) және «Қарабақты» (3:2) жеңді.
Ал АПЛ-де «Ньюкасл» жақында «Манчестер Ситиге» (1:3) және «Эвертонға» (2:3) жол берді. Команданың басты мәселесі – қорғаныс: соңғы бірнеше матчта клуб тұрақты түрде екі немесе одан да көп гол жіберіп жүр.
Дегенмен, «Сент-Джеймс Парк» стадионының факторы маңызды болуы мүмкін – бұл алаңда ағылшын клубтары қарсыластарына әрдайым үлкен қысым жасайды.
«Барселона»
Каталондықтар бұл кездесуге керемет формада келеді. Соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіске жетіп, «Атлетиконы» (3:0), «Вильярреалды» (4:1), «Левантені» (3:0) және «Атлетикті» (1:0) ұтты.
Команда шабуылда да, қорғаныста да тұрақты ойын көрсетіп келеді. «Барселона» допты бақылауда ұстап, қарсылас қақпасына көп мүмкіндік жасайды.
Осы аралықтағы жалғыз жеңіліс – «Жиронадан» (1:2).
Фактілер мен сандар
- «Барселона» соңғы 5 матчтың 4-еуінде жеңіске жетті
- «Ньюкасл» соңғы 5 ойынның 3-еуінде жеңілді
- «Барселона» соңғы 5 матчтың 3-еуінде кемі 2 голдан соқты
- «Ньюкасл» қатарынан 5 матчта гол жіберіп алды
ASnews.kz болжамы
«Ньюкаслдың» өз алаңындағы артықшылығына қарамастан, қазіргі форма мен ойын сапасы «Барселонаны» матчтың фавориті етеді. Ағылшындар қысым жасап көргенімен, Хау командасының қорғанысы каталондықтардың техниқалық шабуылына қарсы тұруы қиын болуы мүмкін.
- Негізгі болжам: «Барселонаның» жеңісі форамен (0)
- Альтернативті болжам: Екі команда да гол соғады – Иә
Өміржан Солтангельдинов