Матч орталығы
«Интер»–«Наполи»: чемпионат көшбасшысы ұпай алады
11 қаңтар, 13:03

Фото: «Интер»–«Наполи»
12 қаңтарға қараған түні «Интер» Италия чемпионатының 20-туры аясында өз алаңында «Наполиді» қабылдайды, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Интер»
Кристиан Киву шәкірттері матчқа тамаша формада келіп отыр. «Нерадзурри» соңғы бес ойынның төртеуінде жеңіске жетті. Бұл қатарда «Болоньяны» (3:1), «Аталантаны» (1:0) және «Парманы» (2:0) ұтқан кездесулер бар.
«Интер» – Серия А-дағы ең көп ұпай жинаған команда әрі қорғаныстағы ең сенімді ұжымдардың бірі. 18 турдан кейін бар-жоғы 15 гол ғана жіберген. Өз алаңында миландықтар өте прагматикалы ойнайды, сирек ашылады және қателікке жол бермейді.
«Наполи»
Неапольдік клуб та жақсы қарқын алды. «Лационы» (2:0), «Миланды» (2:0) және «Болоньяны» (2:0) жеңуі – команданың тұрақталғанын және жоғары орындар үшін күреске қайта қосылғанын көрсетеді.
Алайда Миландағы ойын – үлкен сынақ. Топ-клубтарға қарсы матчтарда «Наполи» әдетте тығыз қорғанысқа сүйеніп, қарсы шабуылдар арқылы мүмкіндік іздейді. Мұндай тәсіл ұйымдасқан «Интерге» қарсы жеткілікті бола ма – басты сұрақ.
Фактілер мен сандар
- «Интер» соңғы 5 матчтың 4-уінде жеңіске жетті
- «Наполи» қатарынан 5 ойын бойы жеңілмей келеді
- «Интер» орта есеппен матчына бір голдан аз өткізеді
- Соңғы 5 очная кездесудің 4-інде 2 голдан артық соғылмаған
ASnews.kz болжамы
Матч тығыз әрі тактикалық тұрғыда күрделі өтеді деп күтілуде. «Интер» анағұрлым теңгерімді көрінеді және өз алаңының артықшылығына ие. Дегенмен, «Наполи» де жақсы формада және оңайлықпен беріле қоймайды.
Ашық футбол күтілмейді – мұндай деңгейдегі ойындарда екі команда да сақтықты бірінші орынға қояды.
- Негізгі болжам: «Интердің» форамен жеңісі (0)
- Альтернативті болжам: Тотал (2.5)-тен төмен
Өміржан Солтангельдинов