Матч орталығы
«Барселонаның» Әзербайжанға қашан келетіні белгілі болды: «Сабахтың» ЧЛ-дағы күнтізбесі жарияланды
29 тамыз, 16:38

Фото: Сабах ФК
Құрамында қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсететін «Сабах» клубының Чемпиондар лигасындағы күнтізбесі жарияланды.
Әзербайжан жерінде өтеді деп жоспарланған «Сабахтың» «Барселонаға» қарсы матчы бесінші тур аясында 25 қараша күні өтетін болды.
«Сабахтың» ЧЛ жалпы кезеңіндегі күнтізбесі:
1-тур: 10 қыркүйек – «Манчестер Юнайтед» (сырт алаңда)
2-тур: 13 қазан – «Славия Прага» (өз алаңында)
3-тур: 20 қазан – «Боруссия Дортмунд» (өз алаңында)
4-тур: 4 қараша – «Викинг» (сырт алаңда)
5-тур: 25 қараша – «Барселона» (өз алаңында)
6-тур: 8 желтоқсан – «Вильярреал» (сырт алаңда)
7-тур: 20 қаңтар – «Наполи» (өз алаңында)
8-тур: 27 қаңтар – «Арсенал» (сырт алаңда)
«Сабах» іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
Ернар Ламқадыров