Матч орталығы
Руслан Хамбаров «Ақтөбедегі» басшылық қызметтен бас тартты
28 қараша, 20:47

Фото: Руслан Хамбаров
«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы басшысы Руслан Хамбаров «ақ-қызылдар» құрылымына оралу туралы ұсынысты қабылдамады, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, функционерге клубтағы басшылық лауазымдардың бірін иелену ұсынылған, алайда ол көп ойланбастан бас тартқан.
Еске сала кетейік, Руслан Хамбаров бұған дейін 2020–2022 жылдары «Ақтөбе» басшылығында жұмыс істеген болатын. Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқара жүріп, ол клубтың директорлар кеңесіне кірді. Оның қатысуымен команда бірінші лигадан Қазақстан премьер-лигасына қайта оралып, нәтижелерін тұрақтандырды және 2022 жылғы маусымда чемпионаттың алтын медальдарына басты үміткерлердің біріне айналды. Функционер клубтан 2022 жылдың қарашасында кеткен еді.
«Мақсатымыз – Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығу»: Герартс – «Ордабасының» міндеттері жайлы
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Әлім Динасылов