Матч орталығы
«Мақсатымыз – Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығу»: Герартс – «Ордабасының» міндеттері жайлы
28 қараша, 19:28

Фото: Жасұлан Барманқұлов және Карел Герартс
Бельгиялық маман Карел Герартс шымкенттік «Ордабасы» клубының бас бапкері қызметіне тағайындалғаннан кейін алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Біздің мақсатымыз – матчтарда жеңіске жету, футболдан ләззат алып, әдемі ойын көрсету. Ең бастысы, бәріміз бір мақсат жолында жұмыла білуіміз керек. Біз чемпионатта да, Қазақстан Кубогында да жеңіске жеткіміз келеді. Өткен маусымда команда «алтын дубль» жасады. Енді сол жетістікті қайталауға тырысамыз. Дегенмен, алдымен бізді Суперкубок матчы күтіп тұр. Бәріміздің үлкен мақсатымыз – Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығу. Ол үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.
Ал Шымкенттен не күтемін? Әрине, қонақжайлылықты. Бұл қала өзінің кең пейілді халқымен танымал. Мұндағы адамдар өте керемет. Былтыр «Ордабасының» қандай мереке ұйымдастырғанын көрдім. Енді сондай қуанышты сәтті өзім де бастан өткергім келеді», – деді Герартс.
2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Ордабасы» 68 ұпай жинап, Қазақстан чемпионы атанды.
Карел Герартс бұған дейін бапкерлік мансабында бельгиялық «Юнион Сент-Жиллуаз» бен германиялық «Шальке 04» клубтарын жаттықтырған.
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Ахмет Ержанов