Рафаэль Уразбахтин: «Андерлехтті» өтуге болады, бастысы – өзімізге сену

19 тамыз, 13:22

Рафаэль Уразбахтин: «Андерлехтті» өтуге болады, бастысы – өзімізге сену

Фото: Рафаэль Уразбахтин

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин еурокубоктегі шешуші матч алдында стадион газонының жағдайы, қарсыластың күші және құрамдағы кадрлық мәселелер туралы ой бөлісті, деп хабарлайды ASnews.kz.

Алаңның жағдайы туралы

«Көгалды әлі өз көзіммен көрген жоқпын, тек фотодан көрдім. Агрономымыз көрсетті. Тұтастай алғанда, жағдайы жаман емес. Күн өте ыстық болғандықтан, алаң біршама сарғайып кеткен. Жеті күннің ішінде кей жерлері күйіп кетіпті. Бірақ жалпы ойнауға болады», – деді бапкер.

«Андерлехт» туралы және ПАОК-пен салыстыру

«Иә, біз «Андерлехттің» ойынын зерттеп, қарадық. Бұл – Бельгияның ең атақты, тарихы бай клубы. Құрамында жас дарындар да, тәжірибелі футболшылар да бар. Бапкерлері де топ-клубтарда жұмыс істеген танымал маман.

Өткен кезеңдегі ПАОК-пен ойынды алсақ, грек клубының өтіп кетуге толық мүмкіндігі болған еді. Грекияда соғылған жылдам гол мен соғылмаған пенальти ойын тағдырын шешіп кетті. ПАОК-та басымдық болды, ал Бельгия клубы есепке қарап ойнады.

Межеленбейтін, өтуге болмайтын қарсылас жоқ. Біз сәттілікке сенеміз және оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз», – деп атап өтті Уразбахтин.

«Левски» мен «Андерлехттің» айырмашылығы

«Левски» мен «Андерлехт» – мүлде екі түрлі команда. Құрылымы мен мазмұны жағынан бельгиялықтар кипрлік «Омонияға» көбірек ұқсайды. «Левскидің» шабуылы мен жылдамдығы жоғары еді. Ал «Андерлехт» комбинациялық футболға сүйенеді, допты жақсы бақылайды. Өз қолтаңбасы, өзіндік стилі бар», — деді маман.

Жарақаттар мен трансферлер

«Трансферлерге қатысты сұрақты басшылыққа қойған дұрыс, бұл сұрақтармен олар айналысады. Жоржиньо ұзақ мерзімге қатардан шығып қалды. Енді қолда бар футболшыларға сенім артамыз. Маусымның соңына дейін құрамның қоры жете ме, жоқ па – оны қазір кесіп айта алмаймын», – деп түйіндеді сөзін «Қайраттың» бас бапкері.

«Қайрат» болгариялық «Левскиден» ұтылған соң, еурокубоктегі жолын Еуропа лигасының плей-офф іріктеу кезеңінде Бельгияның гранды «Андерлехтке» қарсы жалғастырады. Алғашқы ойын 20 тамыз күні Алматыда өтсе, қарымта ойын бір аптадан соң Бельгияда өтеді. 

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  19 қараша, 21:20

Қазақстан құрамасының бапкерлігіне үміткер болған маман Катарға тағайындалуға жақын

1
ҚПЛ  19 қараша, 20:10

«Ертісте» жарты жыл бойы жалақы төлемеді»: Мұртазаев ҚПЛ-дегі қарыздар туралы айтты

2
ҚПЛ  19 қараша, 20:00

Роман Мұртазаев | «Елімайдағы» ойын, құрама мәселелері және қазақстандық футболдағы жалақы кешігуі

3
ҚПЛ  19 қараша, 18:22

«ҚФФ-ны қазақтар басқарсын, «Ақтөбе» – чемпион»: популизм қазақстандық футболды қалай құртып жатыр

4
Ұлттық құрама  19 қараша, 16:07

Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлер белгілі болды

5
Халықаралық футбол  19 қараша, 14:18

Михаил Мудрик сәтсіз тапсырған допинг-тесті үшін Украина құрамасын айыптады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25