Матч орталығы
Глазер – «Арсеналдан» жеңілгені туралы: әлемнің үздік командасына қарсы ойнадық
29 қаңтар, 07:46

Фото: Дан Глазер
«Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Дан Глазер ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Арсеналға» қарсы өткен Чемпиондар лигасындағы соңғы матчтан алған әсерімен бөлісті.
«Нәтижеге көңіліміз толмайды, бірақ мойындау керек – біз әлемдегі ең мықты командалардың біріне қарсы ойнадық. Мұндай жұлдыздарға қарсы алаңға шығу – керемет сезім.
Тактикалық тұрғыда жаман ойнаған жоқпыз. Қауіпті сәттер аз болды, бірақ біз олардың мүмкіндік жасауына жол бермеуге тырыстық. Жалпы есепті жаман деуге келмейді», – деді Глазер.
Израильдік легионер Лондонға арнайы келген қазақстандық жанкүйерлерге ерекше алғыс айтты.
«Қазақ жанкүйерлерінің керемет қолдауының арқасында біз лайықты деңгейде өнер көрсеттік. Біз олармен бірге болдық, алғашқы секундтардан бастап дауыстарын естіп тұрдық.
Әлемнің ең үздік футболшыларына қарсы ойнау арқылы прогресс жасаймыз. Бұл матчтарды ешқашан ұмытпаймын. Осы тәжірибе бүкіл елге, Қазақстан футболына серпін береді деп үміттенемін. Ең бастысы, армандауды және еңбек етуді тоқтатпау керек. Мүмкін, келесі жылы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде тағы да өнер көрсетерміз», – деп қорытындылады жартылай қорғаушы.
Чемпиондар лигасының сегізінші тур ойынында «Арсенал» 3:2 есебімен жеңіске жетті. Лондондық клуб сапында Виктор Дьокереш (2-минут), Кай Хаверц (16) және Габриэл Мартинелли (38) гол соқты. Ал «Қайрат» құрамында Жоржинью 7-минутта пенальтиді сәтті пайдаланса, қосымша уақытта (90+4) Рикардиньо мергендік танытты.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетуден аман қала ма? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
1ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов