Матч орталығы
«Қайратқа» Лондонда 500 жанкүйер қолдау көрсетеді
28 қаңтар, 17:15

Фото: Қайрат ФК жанкүйерлері
28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні «Эмирейтс» стадионында Чемпиондар лигасының сегізінші тур матчы өтеді. Бұл ойында лондондық «Арсенал» алматылық «Қайратты» қабылдайды.
ASnews.kz мәліметінше, қазақстандық клубты Лондонда Еуропаның түрлі елдерінен келген 500-ден астам жанкүйер қолдайды деп күтілуде.
Жеті турдан кейін алматылықтар бір ғана ұпай жинады. Олар Кипрдің «Пафос» клубымен тең ойнады (0:0). Қалған алты матчта «Қайрат» португалиялық «Спортингтен» (1:4), мадридтік «Реалдан» (0:5), миландық «Интерден» (1:2), даниялық «Копенгагеннен» (2:3), грекиялық «Олимпиакостан» (0:1) және бельгиялық «Брюггеден» (1:4) жеңіліп қалды.
Әлім Динасылов