Матч орталығы
«Қайрат» қақпашысы – «Эмирейтстегі» атмосфера туралы: бұл біздің бала күнгі арманымыз
27 қаңтар, 23:42

Фото: Темірлан Анарбеков
Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков «Арсеналға» қарсы матч алдында өткен баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Қарсыласқа арнайы дайындалып жатырмыз. Өткен ойынға қарап, стандарт кезінде бізге өте қиын болды деп айта алмаймын – қателік бәрінде болады. Енді сондай сәттерде жауапкершілікті күшейтіп, бір-бірімізге көмектесіп, біртұтас команда болып әрекет етеміз.
Әрине, мұндағы атмосфера мүлдем басқа. Осындай жерде ойнау – біздің бала кезден бергі арманымыз. Алла қаласа, сол арманды орындаймыз. Барлық ойыншы болып жатқан жағдайларға таңқалуда», – деді Анарбеков.
Чемпиондар лигасының соңғы тур ойыны Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтеді. Матч қаңтардың 28-нен 29-на қараған түні Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетуден аман қала ма? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
1ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов