Матч орталығы
«Қайрат» қорғаушысы – «Арсеналға» қарсы матч туралы: «Реалдан» да қиын болады
27 қаңтар, 17:03

Фото: Луиш Мата
Алматылық «Қайраттың» португалиялық қорғаушысы Луиш Мата ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасы аясындағы лондондық «Арсеналға» қарсы өтетін ойыннан не күтетінін айтты.
«Меніңше, қазіргі таңда «Арсенал» Еуропаның үздік үш клубының қатарына кіреді. Олар жоғары деңгейлі, интенсивті футбол көрсетеді және физикалық тұрғыда дайын. Бұл біз үшін ең қиын матч болмақ, тіпті мадридтік «Реалға» қарсы ойыннан да ауыр. Олар биылғы маусымда ғажап өнер көрсетуде.
«Интермен» де дәл солай болған: бәрі қарсылас ірі есеппен жеңеді деп күтті, бірақ біз тек 1:2 есебімен есе жібердік. Біз «Брюггемен» өткен матчты талдап, «Арсеналға» қарсы ойында бар күшімізді салуымыз керек», – деді Мата.
Сондай-ақ футболшы құрамда Сәтпаевтың жоқтығына қатысты пікір білдіріп, команданың шешуші кезеңдерде онсыз ойнау тәжірибесі бар екенін атап өтті.
«Иә, Сәтпаевтың жоқтығы білінеді. Ол – аяқталған маусымдағы әр матчта көмектескен керемет футболшы. Барлық жауапкершілікті оған артқым келмейді, бірақ біз оны сағынамыз (күлді).
Дегенмен, ол «Селтикке» қарсы да ойнамады, бірақ біз жалпы кезеңге өттік қой. Бұл жағдайды қабылдап, қолда бар құраммен ойнауымыз қажет», – деп түйіндеді қорғаушы.
Еске салайық, маусымның қорытынды матчында Қазақстан чемпиондары лондондық «Арсеналмен» кездеседі. Ойын 28-нен 29 қаңтарға қараған түні «Эмирейтс» стадионында өтеді.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетуден аман қала ма? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
1ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов