Матч орталығы
Комментатор: Сәтпаев Бензема мен Аршавиннің айлакерлігін қайталады
27.11.2025 08:57

Фото: Дастан Сәтпаев
Спорт комментаторы Ербол Қайыров «Копенгаген» мен «Қайрат» арасындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезең матчы бойынша өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Алғашқы таймнан-ақ «Қайраттың» ойын тәжірибесі жетіспейтіні байқалды. Мұндай деңгейдегі жарыстарға ол өте қажет нәрсе. Кезінде «Астана» чемпионат аяқталған кезде, еурокубок ойындары алдында шетелдік оқу-жаттығу жиындарына барып, еуропалық командалармен бақылау матчтарын өткізетіні есімде. Тіпті ол бірінші дивизион командалары болса да, мұндай ойындар үлкен рөл атқарады.
Күн сайын базаға барып жаттыққанмен, ойын ырғағын ұстап жүру өте қиын. «Копенгаген» – осал қарсылас емес, бірақ алматылықтар дат командасына қарсы ұпай алу тиіс болатын. Матчтың соңғы бөлігінде кем дегенде тең нәтиже көрсетуге мүмкіндік болды. «Қайрат» мінез көрсетті. Ең қуантқаны – гол соққан жігіттер – команданың түлектері, оның үстіне жас ойыншылар».
Эксперт ерекше атап өткен эпизод – Дастан Сәтпаевтың голы:
«Сәтпаевтың добы Ресей чемпионатында Аршавин соққан голды еске салды. Сонымен қатар, 2018 жылғы Чемпиондар лигасының финалындағы Бенземаның айлакерлігіне де ұқсас тұсы бар.
Келесі ойындарда «Қайрат» өз ұпайын алады деп үміттенемін. Оның үстіне, еуропалық командалар жасанды төсенішті алаңды аса ұната бермейді, ал алматылықтарға мұндай жағдайға бейімделу қажет те емес», – деді журналист.
Еске сала кетейік, Қазақстан чемпиондары Данияда 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Матч барысында «Қайрат» ірі есеппен ұтылып жатқанымен, Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек соққан голдардың арқасында ойын шиеленіс сақталып тұрды.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Еурокубоктар 18 тамыз, 21:48
Ресейлік сарапшы «Қайратқа» ескерту жасады: «Андерлехт» әдемі гол соға алады
1Ұлттық құрама 18 тамыз, 19:07
Ван Дейк: Қазақстан Ұлттар лигасында жеңіске жетеді деп үміттенемін, Оразов командаға көмектесе алады
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
52
2
48
3
39
4
36
5
35
6
32
7
28
8
26
9
25
10
23
11
23
12
20
13
20
14
19
15
19
16
17
Әлім Динасылов