Матч орталығы
Эксперт – «Копенгаген»–«Қайрат» матчы жайлы: алматылықтар гол соғады
26.11.2025 22:18

Фото: Қайрат ФК
Футбол блогері Әлімжан Тасболатұлы ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының бесінші турындағы «Копенгаген» мен «Қайрат» арасындағы матчқа қатысты өз болжамымен бөлісті.
«Копенгаген» өз алаңында өте жақсы ойнап жатыр. Олар «Дортмунд» пен «Леверкузенге» екі голдан соқты, бұл олардың шабуыл шебінің мықты екенін көрсетеді. Олар сырт алаңдағы ойындарда да сенімді ойнауда; команданың ойыны қойылған және мықты көрінеді.
Бірақ «Қайрат» матч сайын жақсарып келеді. Әсіресе, «Интерге» қарсы ойыннан кейін команданың өзіне деген сенімділігі артып, жоғары деңгейдегі қарсыластардан қорықпайтын болды.
Мен «Қайрат» міндетті түрде жеңіске жетеді немесе тең түседі деп айта алмаймын. Бірақ алматылықтарды бір, тіпті екі гол соғуға қабілетті деп ойлаймын», – деді Тасболатұлы.
«Копенгаген» төрт турда бір ғана ұпай жинап, 33-орында тұр. Даниялықтар өз алаңында «Байер Леверкузенмен» тең ойнап (2:2), «Боруссия Дортмундтан» 4:2 есебімен жеңілді.
Қазан айында Қазақстан чемпионы атанған «Қайраттың» қоржынында да бір ұпайы бар. Соңғы турда алматылықтар Чемпиондар лигасында «Интерге» (1:2) гол соққан алғашқы команда атанды.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
2ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов