Матч орталығы
Қасабулат – «Интерге» қарсы матчтан кейін: ұтуға болатын ойын еді
06.11.2025 04:45

Фото: Дамир Қасабулат
«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Дамир Қасабулат Чемпиондар лигасының төртінші турындағы «Интерге» қарсы матчтан кейін ASnews.kz сайтының тілшісіне өз эмоцияларымен бөлісті.
«Ойын өте қиын болды. Өте тәжірибелі командаға қарсы ойнадық. Бапкердің айтқанын орындадық. Жақсы ойын болды, бірақ, әрине, тең ойнағымыз келді. Біз өз күшімізге сендік. Ойынға ұтамыз деп шықтық. Ұтуға болатын команда. Бірінші таймнан кейін бапкер біраз ұрысты – допты көп жоғалттық, талас кезінде ұтылып қалдық. Бірақ ойындарымыз жақсаруда, тәжірибе жинап жатырмыз. Әлі де төрт ойын бар, өзімізге сенеміз. Құдай қаласа, тағы да ұпай аламыз деп ойлаймыз», – деді Қасабулат.
Чемпиондар лигасының төртінші турында «Қайрат» Миланда өткен ойында «Интерден» 1:2 есебімен жеңілді.
Алматылықтардың сапында Офри Арад (55’) көзге түсті, ал италиялық клубтан Лаутаро Мартинес (45’) пен Карлос Аугусто (67’) гол соқты.
Төрт турдан кейін «Қайраттың» еншісінде бір ұпай, ал «Интердің» қоржынында 12 ұпай бар. Келесі матчта алматылықтар 26 қарашада сырт алаңда «Копенгагенмен» кездеседі.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
3ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов