Матч орталығы
Уразбахтин – команданың жағдайы туралы: эмоция жетпей қалуда, бірақ бұл біз үшін жаңа тәжірибе
04.11.2025 22:28

Фото: Рафаэль Уразбахтин
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ASnews.kz сайтына команданың титулдық жарыстан кейінгі эмоционалды шаршауы өз әсерін тигізіп жатқанын, бірақ «Интерге» қарсы матч ойыншылар үшін маңызды тәжірибе болатынын айтты.
«Астанаға» қарсы ойынымыз эмоцияның аздап жетіспейтінін айқын көрсетті. Мұндай жағдайға бірінші рет тап болдық – бұл біз үшін жаңа тәжірибе. Біз мұнымен күресуді үйреніп, мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы эмоцияны сақтауымыз керек.
Чемпион атанғанымыз біз үшін қосымша бонус болды. «Интер» немесе кез-келген басқа Чемпиондар лигасының клубы сияқты қарсыластарға қарсы матчта эмоциялар өздігінен пайда болады деп ойладым. Біз мұндай жағдайды бірінші рет бастан кешірудеміз», – деді Уразбахтин.
«Интер» мен «Қайрат» арасындағы Чемпиондар лигасының матчы қарашаның 5-нен 6-на қараған түні Миландағы «Джузеппе Меацца» стадионында кездеседі.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
3ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов