Матч орталығы
Италиялық футболшы: «Қайрат» Миланға турист ретінде емес, ойнау үшін барады
03.11.2025 08:24

Фото: Қайрат ФК
«Тобылдың» бұрынғы шабуылшысы Годберг Купер ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Қайраттың» Чемпиондар лигасында «Интерге» қарсы қалай ойнауы керектігі жайлы өз пікірімен бөлісті.
«Шынымды айтсам, Қазақстанда ойнаған кезде түсінгенім, ондағы адамдар күрескенді жақсы көреді. Тіпті соңғы минуттарда да өз күштерін көрсеткісі келеді. Бұл қазақтардың қанында бар нәрсе: олар өз елін сүйеді және ол үшін күреседі.
«Қайрат» өз қақпасының алдына автобус қояды деп ойламаймын. Олар «Интермен» тең деңгейде емес екенін түсінеді, бірақ соңына дейін ойнайды, күреседі және қолдарынан келгенінің бәрін жасайды. Неге «Сан-Сирода» жеңіске жетпеске?
«Қайратта» керемет матч өткізуге мүмкіндік бар. Олар қазірдің өзінде әр ойыннан ләззат алуда, себебі өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына қатысып жатыр. Бірақ олар Миланға турист ретінде емес, ойнау үшін келеді. Өздерін көрсететініне сенімдімін», – деді футболшы.
Годберг Купер 2024 жылғы маусымда «Тобыл» сапында ойнап, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. Қазіргі уақытта ол румыниялық «Стинта Поли» клубында өнер көрсетуде.
Чемпиондар лигасының үш турынан кейін «Қайрат» бір ұпай жинады – «Пафоспен» тең ойнады, «Спортингке» 1:4 есебімен жеңілді және «Реал Мадридке» 0:5 есебімен жеңілді. Төртінші турда алматылық команда Миланда «Интермен» ойнайды.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
3ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов