Матч орталығы
Зария – «Пафоспен» болған матч жайлы: олар қағаз алмағанда жақсырақ болар еді
22.10.2025 08:22

Фото: Гиорги Зария
Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Гиорги Зария ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Чемпиондар лигасының үшінші турында кипрлік «Пафос» командасымен (0:0) өткен ойынды қорытындылады.
«Біз барынша агрессивті түрде ойнауымыз керек еді. Қызыл қағаздан кейін «Пафос» абайлап ойнай бастады, сондықтан олардың қорғанысын ашу қиын болды. Егер олардың ойыншысы қызыл қағаз алмағанда, біз үшін жақсырақ болар еді.
Тұяқбаевтың менен бұрын шыққаны таң қалдырмады. Біз бір командамыз, біздің жеңіске жету деген бір ғана мақсатымыз бар. Тек гол жетіспеді. Біз гол соқпадық, демек жеңіске жету мүмкін болмады. Бірақ гол соғатын мүмкіндіктер жасай алдық: қақпа бағанына тигіздік, менің мүмкіндігім бар, бірақ сәл жолымыз болмады.
Бізге Эдмилсон жетіспеді – әр ойыншының өзіне тән маңызды қасиеттері бар және оның жоқтығы қатты сезілді. Бірақ мен Анарбековты ерекше атап өткім келеді, ол бүгін үздік ойыншы атағына лайық болды», – деді Зария.
Алматының Орталық стадионында өткен кездесу тең аяқталды.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
2ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Өміржан Солтангельдинов