Матч орталығы
Уразбахтин – «Пафос» туралы: қазір футболда ешкім бір схемамен ойнамайды, біз бәріне дайынбыз
20.10.2025 13:25

Фото: Рафаэль Уразбахтин
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин кипрлік «Пафосқа» қарсы ойын алдында команданың дайындығы мен қарсыластың тактикасына тоқталды, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Біз талдаған матчтарда «Пафос» көбінесе төрт қорғаушымен ойнады. Ойындар барысында схема өзгерген болуы мүмкін, бірақ бұл олар үнемі үш орталық қорғаушыны пайдаланады дегенді білдірмейді. Қазіргі футбол гибридті жүйелерге толы: шабуылға шыққанда басқа, қорғаныста басқа схемамен ойнайды. Мұның бәрі ойыншылардың қабілетіне байланысты. Олардың қалай ойнайтынын ертең көреміз. Біз кез-келген сценарийге дайынбыз – төрт қорғаушыға да, үш қорғаушыға да», – деді Уразбахтин.
Жаттықтырушы команданың ең алдымен өз ойынына назар аударатынын атап өтті:
«Біз өзімізге – шабуылдағы, қорғаныстағы және стандарт кезіндегі ойынымызға назар аударуымыз керек. Біз басқалардың қарсыластарымызды қалай бағалайтынына мән бермейміз. Ең бастысы - өз ойынымызға назар аудару».
Чемпиондар лигасының үшінші турындағы «Қайрат» - «Пафос» кездесуі 21 қазан күні Алматыда өтеді.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
2ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Өміржан Солтангельдинов