Матч орталығы
Уразбахтин – Алонсо туралы: өзімді оның жанкүйерімін деп айта аламын
29.09.2025 13:51

Фото: Рафаэль Уразбахтин
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин матч алдындағы баспасөз мәслихатында мадридтік «Реалдың» бапкері Хаби Алонсоның жұмысына тәнті екенін мойындады, деп хабарлайды ASNews.kz.
«Иә, маған Хаби Алонсо бапкер ретінде қатты ұнайды. Өзімді оның жанкүйерімін деп айта аламын. Ол заманауи маман, мен оның «Байердегі» жұмысына тәнті болдым. Ойындарын көріп, өзіме көп нәрсені түртіп алдым. Маған оның шабуылдағы ойыны, допты бақылау стилі ұнады. Қазір «Реалда» Мбаппе, Винисиус, Мастантуоно сияқты ойыншыларымен шабуылдағы әлеуеті одан да қатты жоғарылады. Ол әлі өз идеяларын толық жүзеге асырған жоқ – «Реалға» келгеніне небәрі алты ай болды емес пе? Алонсоға уақыт керек, бірақ қазірдің өзінде оның стилі айқын байқалады», – деді Уразбахтин.
«Қайрат» 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының екінші турында «Реалға» қарсы ойнайды. Кездесу Орталық стадионда өтеді және Астана уақытымен 21:45-те басталады.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
3ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Өміржан Солтангельдинов