ҚПЛ-да ойнаған португалиялық футболшы: «Спортинг» фаворит, бірақ жеңіске оңай жетпейді
17 қыркүйек, 12:58

Фото: Жоао Оливейра
«Жеңіс» сапында доп тепкен португалиялық жартылай қорғаушы Жоао Оливейра ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Қайраттың» «Спортингке» қарсы өткізетін ойыны туралы пікір білдірді.
«Мен «Қайраттың» іріктеу кезеңіндегі ойындарын толық көрмедім, бірақ нәтижесін байқадым. Олар бұл циклді керемет өткізді. Алматылықтардың алғашқы екі раундтан өтетіні белгілі еді, бірақ «Слованды» және «Селтикті» жеңгені үлкен тосынсый болды. Бұл мен үшін күтпеген жағдай ретінде тіркелді, дегенмен «Қайрат» пен «Астана» әрқашанда Чемпиондар лигасында ойнау үшін мықты ойыншыларды жинайды. Әрине, алдағы ойында «Спортинг» фаворит, бірақ «Қайрат» бұл деңгейде бәсекеге түсе алатынын дәлелдеді, сондықтан португалиялық ұжым оңай жеңіске жетеді деп айта алмаймын», – деді Оливейра.
Жоал екі клубтағы жағдайларды салыстыра отырып, инфрақұрылым мәселесін де қозғады:
«Менің ойымша, «Спортингтің» инфрақұрылымы бұрынғыдан да жақсы – стадион, академия, ондағы жағдайлар. Бірақ мен «Қайраттың» базасымен таныспын және олардың осы бағытта белсенді түрде өсіп, дамып жатқанын көріп отырмын».
Қыркүйектің 18-нен 19-на қараған түні «Қайрат» Лиссабонда Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын «Спортингке» қарсы өткізеді.
Жоао Оливейра өткен маусымда «Жеңіс» үшін барлық турнирлерде 13 матч өткізді. Португалияда ол «Пенафиэль», «Академик де Визеу», «Визела», «Ольяненсе», «Салгейруш» және «Виллаверденсе» командаларында ойнаған. Ал шетелде «Заглембе» (Польша) клубының намысын қорғады. Қазіргі уақытта «Фафа» сапында доп теуіп жүр.
Бұған дейін «Спортинг» қорғаушысы Эдуарду Куарежманың агенті Карлуш Гонсалвеш ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық ойыншылардың потенциалы туралы пікір білдірген болатын.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
ҚПЛ-да ойнаған португалиялық футболшы: «Спортинг» фаворит, бірақ жеңіске оңай жетпейді
2Португалиялық агент – «Қайрат» жайлы: қазақстандықтар Еуропада ойнауға дайын, олардың бұған әлеуеті
3«Спортинг» футболшысының агенті: «Қайрат» бізге қиындық тудыра алады
4Турнирлік кесте













































































































