Матч орталығы
Луиш Мата – «Спортингпен» болатын ойын жайлы: бұл естен шықпастай күн болады
15.09.2025 17:08

Фото: Луиш Мата
Алматылық «Қайраттың» португалиялық қорғаушысы Луиш Мата ASNews.kz (BorodAbata) тілшісі Өміржан Солтангелдиновке берген сұхбатында команданың Чемпиондар лигасындағы лиссабондық «Спортингке» қарсы дебюттік ойыны жайлы пікірімен бөлісті.
«Мен үшін де, команда үшін де бұл өте ерекше және маңызды ойын. Өйткені, бұл біздің Чемпиондар лигасындағы дебютіміз. Мен үшін де, Жоржиньо үшін де бұл матч өте маңызды, өйткені ол біздің Отанымыз – Португалияда өтіп жатыр. Мен бұл күнді мәңгіге есте сақтаймын. Біз «Қайрат» үшін ұпай жинай аламыз деп үміттенемін. Егер қолымыздан келсе, дебют ұмытылмастай есте қалады.
Мұның өте қиын матч болатынын түсінемін: біз соңғы екі жылда ел чемпионы атанған командаға қарсы ойнаймыз. «Спортингте» ұлттық құраманың көптеген ойыншылары бар және бұл біз үшін ауыр сынақ. Бірақ Чемпиондар лигасында ойнағың келсе, ең мықтылармен кездесу керек", – деді Мата.
19 қыркүйекке қараған түні Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын Лиссабонда жергілікті «Спортингке» қарсы өткізеді.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
3ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Өміржан Солтангельдинов