Матч орталығы
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
27 қазан, 17:19

Фото: Майк Джексон
Ники Хайен қызметінен кеткеннен кейін «Бернлиді» Чемпионшиптің алдағы матчтарына дайындайтын бапкерлер белгілі болды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Burnley Express басылымының ақпаратына сенсек, қазір команданың жаттығуын Майк Джексон, Джек Корк және Хенрик Йенсен жүргізіп жатыр.
«Линкольннен» 1:4 есебімен ұтылғаннан кейін «Бернли» Ники Хайеннің қызметінен босатылғанын небәрі 26 сөзден тұратын қысқа мәлімдеме арқылы жарияланды. Алайда онда бапкерлік штабтың тағдыры туралы, сондай-ақ команданы уақытша кім басқаратыны жөнінде де нақты ақпарат берілмеді.
Дегенмен, осы жазда Хайенмен бірге «Бернлиге» келген бельгиялық мамандар Йохан ван Румст пен Матиас Бернарттың да қызметінен кеткені белгілі болды.
Ал Майк Джексон, Джек Корк пен Хенрик Йенсен өз қызметтерінде қалды. Қазір олар команданың жаттығу барысын өз бақылауларына алды.
Майк Джексон бұған дейін Шон Дайч пен Скотт Паркер кеткеннен кейін екі рет бас бапкер міндетін уақытша атқарған.
«Бернлиді» небәрі 106 күн жаттықтырған Хайен кеше Гауторптағы жаттығу базасына барып, клуб қызметкерлерімен және футболшылармен қоштасыпты.
Келесі сенбіде «Бернли» өз алаңында «Портсмутты» қабылдайды. Команда осы кездесуде өз алаңындағы жеңіссіз сериясын тоқтатуға тырысады. Клуб соңғы рет өз жанкүйерлері алдында 371 күн бұрын жеңісті тойлаған.
Ернар Ламқадыров