Матч орталығы
Дастан Сәтпаевтың жаңа бапкері кім болады: үміткерлердің есімі жарияланды
25 қазан, 10:25

Фото: Стивен Джеррард
Букмекерлер «Бернлидің» жаңа бас бапкері кім болатынына қатысты алғашқы болжамдық коэффициенттерді ұсынып үлгерді, деп хабарлайды ASnews.kz Burnley Express басылымына сілтеме жасап.
Бұған клубтың «Линкольн Ситиге» 1:4 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін Ники Хайенмен қоштасу туралы шешім қабылдауы себеп болды.
Қазіргі таңда «Бернли» Чемпионшиптің турнирлік кестесінде 22-орында келе жатыр.
Хайен клуб тізгінін биыл шілде айында ғана ұстаған еді. Алайда оның жетекшілігімен команда Чемпионшиптегі 12 матчтың біреуінде ғана жеңіске жетті.
Букмекерлердің пікірінше, «Бернлидің» жаңа бапкері атануға 2025 жылдың басынан бері жұмыссыз жүрген Стивен Джеррардтың мүмкіндігі жоғары. Одан кейінгі орындарда Дэйв Чаллинор, Роб Эдвардс және Шон Дайч тұр.
«Ливерпуль» аңызы Джеррард «Бернлиді» өткен жазда тізгіндеуі мүмкін болған. Сонымен қатар Роб Эдвардс та сол кезде «Бернлидің» ұсынысынан бас тартқан.
Крейг Беллами де қазір үміткерлер қатарына қайта енді. Ол бастапқыда клубқа қайта оралуға ниетті болғанымен, соңғы сәтте бұл ойынан айнып қалды.
Бұған қоса, Burnley Express басылымы ықтимал үміткер ретінде атаған Карлос Корберан да қазіргі тізімге енді.
Ернар Ламқадыров