Матч орталығы
«Қайрат» пен «Ақтөбенің» экс-шабуылшысы: «Ордабасының» чемпион атанғанын қалаймын
25 қазан, 11:56

Фото: Элдер Сантана
Елордалық «Жеңістің» бразилиялық шабуылшысы Элдер Сантана ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан премьер-лигасының 29-туры аясында шымкенттік «Ордабасымен» сырт алаңда өткен тең ойынға (1:1) қатысты пікір білдірді.
«Бұл өте қиын матч болды, бірақ мен басынан бастап солай болатынын білдім. Біз келіп, мінез көрсетіп, өз жұмысымызды атқарып, «Жеңістің» намысы үшін күресуіміз керек болды – біз дәл осылай жасадық.
Маған мұндағы атмосфера қатты ұнады! Бәрі керемет болды. Мен «Ордабасыға» келесі матчта сәттілік пен чемпион атануын тілеймін. Қазір барлық жауапкершілік титул үшін таласып жатқандардың мойнында. Ал бізге тек жұмысымызды жалғастырып, алға жылжу керек», – деді шабуылшы.
Қазіргі уақытта «Ордабасы» 68 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұр. Басты бәсекелес – алматылық «Қайрат» (63 ұпай) – 29-тур аясындағы матчын бүгін, 25 қазанда «Ақтөбеге» қарсы өткізеді. Жеңіске жеткен жағдайда алматылықтар көшбасшымен арадағы ұпай айырмасын екіге дейін қысқартады. Шымкенттік клуб 31 қазанда «Ертіспен» өтетін сырт алаңдағы ойында чемпиондықты ресми түрде рәсімдеуге мүмкіндік алады.
Элдер Сантана «Жеңіс» сапына 2026 жылдың наурыз айында алматылық «Қайраттан» ауысып келген болатын. Бұған дейін бразилиялық ойыншы 2023 жылдың басында португалиялық «Жил Висентеден» ауысып, «Ақтөбенің» де намысын қорғаған еді.
«Ақтөбеге» сенемін»: Йонсен «Жеңіспен» өткен тең ойынды қорытындылады
Әлім Динасылов