Матч орталығы
Байсуфинов ҚПЛ-дағы ең көп жалақы алатын бапкер атанады
24 қазан, 22:10

Фото: Талғат Байсуфинов
«Қайсардың» жаңа бас бапкері Талғат Байсуфинов қызылордалық клубта алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, 58 жастағы маманның жалақысы оның Қазақстан ұлттық құрамасында алған табысынан сәл көбірек болмақ. Осылайша, бір матчқа шаққандағы орташа жалақыны ескерсек, Байсуфинов ең көп табыс табатын қазақстандық бапкерге айналады.
25 қазанда «Қайсар» «Астанаға» қарсы матч өткізсе, 31 қазанда «Жеңіспен» ойнайды. Ал 7 қарашада қызылордалықтар Қазақстан Кубогының финалында «Ордабасымен» кездеседі.
Маман бұл қызметке клубтың турнирлік кестедегі жағдайы өте қиын сәтте тағайындалып отыр. Бүгінгі таңда «Қайсар» Қазақстан премьер-лигасының кестесін түйіндеп, ең соңғы, 16-орында тұр. Биылғы біріншіліктің 28 матчында қызылордалықтар небәрі төрт жеңіске жетіп, 12 рет тең түсті және 12 мәрте жеңіліс тапты (доп айырмасы: -15).
Ахмет Ержанов