Матч орталығы

Теннис
WTAУхань женщины
Юлия ПутинцеваЮлия Путинцева
1:13-сет
Зейнеп СонмезЗейнеп Сонмез
Теннис
ATPШанхай мужчины
Александр ЗверевАлександр Зверев
15:00Бүгін
Александр БубликАлександр Бублик
Теннис
ЧелленджерЧелленджер Цзинань
Миомир КецмановичМиомир Кецманович
15:50Бүгін
Александр ШевченкоАлександр Шевченко
Теннис
WTAЛиссабон женщины
Жибек КуламбаеваЖибек Куламбаева
16:10Бүгін
Франциска ХорхеФранциска Хорхе
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
СабахСабах
21:45Бүгін
СлавияСлавия
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
ЛансЛанс
21:45Бүгін
СпортингСпортинг
Футбол
ЕуропаӘлем чемпионаты, іріктеу, қыздар
Ирландия (Қ)Ирландия (Қ)
23:30Бүгін
Қазақстан (Қ)Қазақстан (Қ)
Футбол
АнглияЧемпионшип
Бристоль СитиБристоль Сити
23:45Бүгін
БлэкбернБлэкберн
Футбол
АнглияЧемпионшип
РексхэмРексхэм
23:45Бүгін
Вест БромвичВест Бромвич
Футбол
АнглияЧемпионшип
КардиффКардифф
23:45Бүгін
УотфордУотфорд
Футбол
АнглияЧемпионшип
БернлиБернли
23:45Бүгін
ЧарльтонЧарльтон
Футбол
АнглияЧемпионшип
ВулверхэмптонВулверхэмптон
23:45Бүгін
БолтонБолтон
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
ЛейпцигЛейпциг
00:00Ертең
ПСВПСВ
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
ВильярреалВильярреал
00:00Ертең
НаполиНаполи
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
АрсеналАрсенал
00:00Ертең
ЛилльЛилль
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
ВикингВикинг
00:00Ертең
БаварияБавария
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
ИнтерИнтер
00:00Ертең
БрюггеБрюгге
Футбол
АнглияЧемпионшип
БирмингемБирмингем
00:00Ертең
ПрестонПрестон
Футбол
АнглияЧемпионшип
СтокСток
00:00Ертең
МидлсброМидлсбро
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
АтлетикоАтлетико
00:00Ертең
Манчестер ЮнайтедМанчестер Юнайтед

«Жер сілкінісі «Галатасарайға» ауысуыма кедергі болды». Қазақстандық футболшы Еуропадағы мансабын қалай құрып жатыр?

13 қазан, 10:47

«Жер сілкінісі «Галатасарайға» ауысуыма кедергі болды». Қазақстандық футболшы Еуропадағы мансабын қалай құрып жатыр?

Фото: Камила Совет

Қазақстандық жанкүйерлер отандық футболшылардың Англия, Бельгия және Испания чемпионаттарында қалай бақ сынап жатқанын жіті қадағалап отырғанда, футболымыздың кем түспейтін тағы бір қызықты тұсы назардан тыс қалып жатады. Қыздар да Еуропаға кетіп, еурокубоктарда ойнап, халықаралық мансабын құруда.

Солардың бірі – Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Камила Совет. Қазір ол молдовалық «Зимбру» сапында өнер көрсетеді, ал бұған дейін Албанияда ойнап, стамбулдық «Галатасарайдың» қаралымында болып үлгерді.

ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында 22 жасар  ойыншы:

  • Түркияның топ-клубына неліктен ауыспай қалғанын айтты;

  • ауыр жарақаттан кейін алаңға оралуы туралы сөз қозғады;

  • және әйелдер футболындағы легионерлік тәжірибенің қиындықтарымен бөлісті.

– Камила, ғаламторда сіздің мансабыңыздың басталуы туралы ақпарат өте аз. Футболды қайдан бастадыңыз және алғашқы клубыңыз қандай болды?

– Футболмен 8 жасымда Алматыдағы №2 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде айналыса бастадым. Ол кезде менің жасымдағы қыздар командасы әлі болмағандықтан, өзімнен үлкен қыздармен жаттықтым. Ол кезде кәсіби мансап туралы мүлдем ойлаған жоқпын, футбол ұнағандықтан, тек өз рақатым үшін ойнадым.

– Ересектер арасындағы мансабыңыз елордалық №8 БЖМОРМ-да басталды, ал 2024 жылы Қазақстандағы ең мықты әйелдер клубы – шымкенттік БИІК жүйесіне ауыстыңыз. Бұл ұсыныс қалай түсті?

– Иә, кәсіби жолымды 2020 жылы Астанада бастадым. БИІКке 2024 жылы ауыстым. Ол кезде команданың бапкері Қазақстан ұлттық құрамасымен қатар жұмыс істеген Мадияр Кембілов болатын. Осы ауысуды маған сол кісі ұсынды.

– Шымкентке ауыспас бұрын, 2023 жылы сізді стамбулдық «Галатасарайға» қаралымға шақырды. Түркиялық алпауыт клубтың қызығушылығы қалай болды?

– Шетелде бағымды сынап көргім келді, сөйтіп Түркиядан бастауды ұйғардық. Географиялық жағынан жақын, оның үстіне алғашқы легионерлік тәжірибе үшін жақсы нұсқа. Алтай Даумов арқылы «Галатасараймен» байланыс орнап, мені Стамбулға қаралымға шақырды.

Камила Совет «Галатасарай» сапында қаралымда

– Қаралым қалай өтті және түрік клубтарының инфрақұрылымы қазақстандық шынайылықтан несімен ерекшеленеді?

– Өкінішке қарай, қаралым уақыты сәл қолайсыз болды. Дәл менің ұшағым ұшып бара жатқан кезде Түркияда сұмдық жер сілкіністері басталды, сол себепті қаралым шамамен бір аптаға шегерілді. Осы уақыт бойы мен жеке жаттықтым, ауырып қалып, қайта емделіп үлгердім, сондықтан қаралымға оңтайлы бабымда бара алмадым. Шынымды айтсам, мұндай деңгейдегі команда үшін әлі «шикілеу» болдым. Бірақ «Галатасарайдың» өзі маған үлкен әсер қалдырды: дайындықтың ең жоғары деңгейі, көптеген легионерлер, тамаша жаттығу базасы және барлық үрдістердің кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы.

– Неліктен Ыстанбұлда тұрақтап қалу мүмкін болмады?

– Ол кезде жасым небәрі 18-де еді, халықаралық деңгейдегі жолымды енді ғана бастап жатқанмын. Командада легионер үшін бір ғана бос орын қалғандықтан, бәсекелестік өте жоғары болды. Бірақ бұл мен үшін құнды тәжірибе болды – неге ұмтылу керектігін көрдім.

– 2023 жылдың желтоқсанында Қазақстан ұлттық құрамасындағы алғашқы ойыныңызды өткіздіңіз. Сол сәтте қандай сезімде болдыңыз?

– Оқу-жаттығу жиындарына мені 2020 жылдан бастап шақыра бастады, мұндай әрбір шақырту – әрдайым жағымды оқиға, өйткені сен өз еліңнің намысын қорғайсың. 2023 жылдың желтоқсанында біз Эстонияға қарсы ойнадық, бапкерлер штабы мені матчтың соңында алаңға шығарды. Қатты толқыдым, бірақ көптен күткен дебютіме шын жүректен қуандым.

Дерек: Камила – Қазақстан ұлттық құрамасы мен қызылордалық «Қайсардың» қорғаушысы Сағи Советтің әке жағынан туысы боп келеді.

Сағи Совет

– 2025 жылы және биыл сізді ұлттық құрамаға шақырған жоқ. Бұған не себеп болды деп ойлайсыз?

– 2024 жылдың тамыз айында «Ордабасы» сапында ойнап жүріп, тіземнен ауыр жарақат алдым – алдыңғы крест тәрізді сіңірім мен менискім үзілді. Бұл мені тура бір жылға футболдан шеттетті. Келесі бір жыл толығымен қалпына келуге және ойынға оралуға кетті. Ал 2026 жылы шақырту алу тек бапкерлер штабының шешіміне байланысты болды. Мен қажырлы еңбекті жалғастырып жатырмын және ұлттық құрамаға әлі де орала алатыныма сенемін.

– Жарақаттан айыққаннан кейін албаниялық «Киностудио» клубынан бір-ақ шықтыңыз. Бұл нұсқа қалай пайда болды?

– Қыста мен шетелде ойнау мүмкіндіктерін белсенді түрде іздедім. Маған бір агент хабарласып, «Киностудио» нұсқасын ұсынды. Ол кезде бұл шетелден түскен жалғыз нақты ұсыныс еді, сондықтан Албанияда бағымды сынап көруді ұйғардым.

– Қазақстан мен Албания чемпионаттары қарсылық деңгейі жағынан қатты ерекшелене ме?

– Айырмашылықтар, ең алдымен, ойын стилі мен ұйымдастыруда жатыр. Қазақстанда мен құрылымы жүйеленген футболға үйреніп қалған едім. Ал Албанияда көп нәрсе нақты клубқа байланысты: бір жерде тактика мен жаттығу үрдісінің деңгейі жоғары болса, енді бір жерде керісінше. Сондықтан чемпионатты тұтастай бағалау қиын. Ол жақта мені бірдеңе қатты таңғалдырды деп айта алмаймын. Жалпы алғанда, футбол барлық жердегідей, тек өзіндік жергілікті ерекшеліктері бар.

– Биыл маусым айында сіз молдовалық «Зимбруға» ауыстыңыз. Бұл мансабыңыздағы алға басқан қадам ба?

– Иә, мен «Зимбруға» ауысуды жақсы қадам деп санаймын. Мен үшін бұл жаңа чемпионат, жаңа тәжірибе және әрі қарай даму мүмкіндігі. Әсіресе клубтың еурокубоктарға қатысуы өте маңызды – бұл қажетті халықаралық тәжірибе береді.

Камила Совет «Зимбру» сапында

– Молдованы Батыс Еуропаға кетуге арналған трамплин ретінде қарастырасыз ба?

– Әрине. Мен бұл кезеңді даму мүмкіндігі ретінде қабылдаймын және алған тәжірибемді әрі қарай жылжу үшін пайдаланғым келеді. Менің басты мақсатым – болашақта Батыс Еуропа елдерінің бірінің чемпионатына ауысып, мүлдем жаңа деңгейде бағымды сынап көру.

Еуропа ұлттық құрамаларға берілген үш апталық үзіліске наразы: баяғы форматты қайтаруды сұрап отыр

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  13 қазан, 12:24

Қазақстан жастар құрамасының вингері «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін

1
Халықаралық футбол  13 қазан, 10:47

«Жер сілкінісі «Галатасарайға» ауысуыма кедергі болды». Қазақстандық футболшы Еуропадағы мансабын қалай құрып жатыр?

2
Халықаралық футбол  12 қазан, 20:05

Қазақстан U-16 құрамасы Грузиядағы жарыста «күміс» еншіледі

3
Халықаралық футбол  12 қазан, 19:01

«Баварияның» қазақстандық жұлдызының құлағындағы құпия жапсырма: бұл не үшін қажет?

4
Ұлттық құрама  12 қазан, 16:55

«Вильярреал» шабуылшысы: Қазақстан Ресейді жеңген кезде ерекше сезімде болдым

5
ҚПЛ  12 қазан, 15:28

«Артқы датамен жұмыстан шығарып жіберді»: журналист «Тобылдағы» даудың шындығын айтты

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
27
20
4
3
36
64
2
ҚайратҚайрат
27
18
6
3
32
60
3
АстанаАстана
26
14
6
6
16
48
4
АқтөбеАқтөбе
27
13
6
8
9
45
5
ОқжетпесОқжетпес
27
13
6
8
4
45
6
ЕлімайЕлімай
26
10
8
8
0
38
7
ТобылТобыл
27
11
4
12
-1
37
8
ҰлытауҰлытау
27
9
8
10
-6
35
9
ЖеңісЖеңіс
27
8
8
11
-7
32
10
КаспийКаспий
27
9
5
13
-8
32
11
ҚызылжарҚызылжар
27
7
6
14
-12
27
12
АтырауАтырау
26
5
11
10
-9
26
13
ЕртісЕртіс
26
6
8
12
-10
26
14
АлтайАлтай
27
6
7
14
-11
25
15
ҚайсарҚайсар
27
4
12
11
-14
24
16
ЖетісуЖетісу
27
5
7
15
-19
22