Матч орталығы
Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Тобылға» оралуға жақын
27 қараша, 21:44

Фото: Еркін Тапалов
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Еркін Тапаловқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
33 жастағы футболшының ауысу ықтималдығы жоғары бағаланып отыр.
27 қарашада алматылық «Қайрат» келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты Тапаловтың клубтан кеткенін хабарлады. Ойыншы алматылықтар сапында 2025 жылдың басынан бері өнер көрсетіп, клуб үшін 68 матч өткізді. Сондай-ақ футболшы «Қайрат» құрамында УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнады.
Алматылық клуб сапындағы соңғы ойынында – 26 қарашада Конференция лигасы жалпы кезеңінің төртінші туры аясында өткен кездесуде Тапалов швециялық «Мьельбю» қақпасына жалғыз голды соғып (1:0), командасына жеңіс әкелді.
Еске сала кетейік, Еркін Тапалов бұған дейін 2024 жылғы маусымда «Тобыл» намысын қорғаған болатын. 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша қостанайлық клуб турнир кестесінде жетінші орын алды.
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Әлім Динасылов