Матч орталығы
«Клубтағы жағдай аздап түсініксіз»: Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты
25 қыркүйек, 10:33

Фото: Хьялмар Экдаль
Ағылшындық «Бернли» қорғаушысы Хьялмар Экдаль командадағы қиын жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Қазір клубтағы жағдай аздап түсініксіз. Мұны хаос деп айта алмаймын, бірақ белгісіздік бар – бас директор кетіп жатыр және басқа да жағдайлар орын алуда. Бұл мүлдем оңтайлы бастама емес: біз сегіз матч қатарынан жеңіске жете алмай келеміз. Мұндай жағдай ешбір клубқа, әсіресе Премьер-лигадан жаңа ғана ұшып түскен және көпшілігінің амбициясы жоғары құрамға ие командаға пайда әкелмейді. Әрине, алаң сыртында болып жатқан оқиғалар біздің ойынымызға да әсер етуі мүмкін», – деп келтіреді Экдальдің сөзін Burnley Express.
Сондай-ақ ойыншы футболшыларда бас бапкердің болашағы туралы нақты ақпарат жоқ екенін атап өтті:
«Ники Хайен қалады деп ойлаймын, бірақ нақты білмеймін. Мұндай нәрселер сахна сыртында өтеді, ал біз, ойыншылар, оған араласпаймыз және одан хабарсызбыз. Бізге тек күтіп, бақылау ғана қалады».
2026/27 жылғы маусымда «Бернли» өте сәтсіз бастама жасап, қазір Чемпионшиптің турнир кестесінде соңғы, 24-ші орында тұр. Турнирдің биылғы маусымында команда бірде-бір кездесуде жеңіске жеткен жоқ (төрт тең ойын және төрт жеңіліс), сондай-ақ Англия лигасы Кубогындағы өнерін 1/32 финал сатысында аяқтап, жарыстан шығып қалды.
Еске сала кетейік, 18 жастағы қазақстандық форвард Дастан Сәтпаев бір маусымдық жалға алу құқығымен «Бернли» сапында өнер көрсетеді, ойыншыға құқық лондондық «Челсиге» тиесілі. Шабуылшы жаңа командасы үшін барлық турнирлерде төрт матч өткізіп үлгерді, алайда қыркүйектің басында санының артқы бұлшықетінен жарақат алып, қазіргі уақытта емделу процесін жалғастыруда.
Әлім Динасылов