Матч орталығы
«Кайл Уокер қолдау көрсетіп жүр»: Сәтпаев – «Бернлиге» бейімделуі туралы
27 тамыз, 11:35

Фото: Дастан Сәтпаев
«Бернлидің» қазақстандық шабуылшысы Дастан Сәтпаев англиялық клубта қалай қарсы алғандары, командаға бейімделуі туралы айтып, «Брэдфордтан» ұтылғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Негізінен командада өте жақсы қарсы алды, жігіттердің бәрі бауырмал. Не керек екенін сұрап тұрады. Әрдайым қолдайды. Бәрі білетін Кайл Уокердің өзі қасыма келіп, қолдау білдіреді.
Бүгінгі ойынға келсек, бәрін негізгі уақытта шешуіміз керек еді деп ойлаймын. Өте көп мүмкіндік болды, тек өзіміз пайдалана алмадық. Ал пенальти – лотерея. Сондықтан әрі қарай дайындаламыз. Алдағы ойындарда жеңіске жету керек. Содан кейін бәрі өз орнына келеді.
Матчтан кейін бапкер не айтты? Төменгі лигада өнер көрсететіндіктен, бұл команданы жеңуіміз керек еді деді. Бірақ жағдай солай болды. Алға қарай жүре береміз.
«Бернлиде» бәрімен жақсы араласамын, біреуін бөліп-жарып айта алмаймын», – деді Сәтпаев журналист Әлімжан Тасболатұлына берген сұхбатында.
Англия лигасы кубогының матчында «Бернли» пенальти сериясында «Брэдфордқа» 2:4 есебімен жол беріп (негізгі уақыт – 0:0), турнирдегі өнерін аяқтады.
Дастан Сәтпаев «Бернлидің» бастапқы құрамында алаңға шығып, 80 минут өнер көрсетті және екінші таймның соңында алмастырылды.
Әлім Динасылов