Матч орталығы
«Қайрат» «Вулверхэмптонды» ойсырата жеңді
26 тамыз, 14:31

«Қайрат» академиясының U-17 жасөспірімдер командасы Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан Great Wall International Youth Football Invitational халықаралық жарысындағы алғашқы матчында ағылшындық «Вулверхэмптонды» 4:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Алматылықтар сапында Салимов, Вдовин, Сарсымбаев және Нұрымов мергендік танытты. Осы жеңістің арқасында «Қайрат» турнирлік кестедегі алғашқы үш ұпайын еншіледі.
Халықаралық жарыс 24-31 тамыз аралығында Қытай астанасы Бейжіңде өтуде.
Жарысқа «Қайрат» пен «Вулверхэмптоннан» бөлек, мадридтік «Реал», бельгиялық «Андерлехт», нидерландтық ПСВ, германиялық «Аугсбург», аустриялық «Аустрия» жасөспірімдер командалары және Бейжіңнің U-16 құрамасы бақ сынауда.
Әлім Динасылов