17 жастағы қазақстандық қақпашы «Антальяспормен» келісімшартқа отырады
16 тамыз, 08:20

Фото: Тимурхан Картал
17 жастағы қазақстандық қақпашы Тимурхан Картал «Антальяспор» клубына ауысуға жақын, деп хабарлайды BorodAbata.kz. Бүгін Астана қаласының тумасы медициналық тексерістен өтіп жатыр.
Команданы «Интер», «Ньюкасл», «Атлетико Мадрид» клубтарының бұрынғы ойыншысы және Түркия құрамасының экс-капитаны Эмре Белозоглу басқарады. Ал Тимурхан Анталияға 6 жасында көшіп келіп, футболдағы алғашқы қадамын сол жақта жасады.
«Бұл біздің жанұя үшін туған қаламыз болып есептеледі, Тимурды да бұл жердегілер жақсы біледі», – деді қақпашының әкесі.
Жас талантты «Трабзонспор», «Генчлербирлиги», «Башакшехир» және басқа да Суперлига клубтары назарында ұстады.
Осы жазда Қазақстан құрамасында ойнауды армандаған Қартал қарағандылық «Шахтерға» ауысуы мүмкін еді. Бірақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін бұл трансфердің жүзеге асуы тым күрделі болып көрінді, сондықтан «кеншілер» оны сырттай бақылап отыру туралы шешім қабылдады.
Қақпашы мансабын «Чорумда» бастап, ақпан айында Түркия кубогында «Болуспорға» (2:1) қарсы ойында дебют жасады.
Биылғы маусымды «Антальяспор» Суперлигада «Қасымпашаға» қарсы жеңіспен (2:1) бастады. Өткен маусымда команда 44 ұпаймен 15-орынға ие болды.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Эксперт – «Селтик»–«Қайрат» матчы туралы: шотландиялықтарда форвард пен артқы жартылай қорғаушы жоқ
2Турнирлік кесте













































































































