Матч орталығы

Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
АҚШАҚШ
4:2Аяқталды
ЧилиЧили
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
МексикаМексика
1:1Аяқталды
ПеруПеру
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
ЛитваЛитва
21:00Бүгін
АндорраАндорра
Футбол
ЕуропаЕуропа чемпионаты U21, іріктеу
Фарер аралдары U21Фарер аралдары U21
21:00Бүгін
Люксембург U21Люксембург U21
Хоккей
РесейКХЛ
Ак БарсАк Барс
21:00Бүгін
БарысБарыс
Хоккей
РесейКХЛ
СпартакСпартак
21:30Бүгін
ТракторТрактор
Хоккей
ШвейцарияҰлттық лига
ЛозаннаЛозанна
22:45Бүгін
СерветтСерветт
Теннис
ATPПекин мужчины
Александр БубликАлександр Бублик
07:00Ертең
Якуб МеншикЯкуб Меншик
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ӘзербайжанӘзербайжан
21:00Ертең
ЛихтенштейнЛихтенштейн
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ДанияДания
23:45Ертең
ПортугалияПортугалия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ИрландияИрландия
23:45Ертең
АустрияАустрия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
МальтаМальта
23:45Ертең
ГибралтарГибралтар
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ГрекияГрекия
23:45Ертең
НидерландНидерланд
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ИзраильИзраиль
23:45Ертең
КосовоКосово
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
УэльсУэльс
23:45Ертең
НорвегияНорвегия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ГерманияГермания
23:45Ертең
СербияСербия
Футбол
ИспанияЛа Лига
ЛевантеЛеванте
23:0021.10
Атлетик БильбаоАтлетик Бильбао
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
АталантаАталанта
22:4505.11
ҚайратҚайрат

Вайсс қазақ кедергісінен өтті: ұлттық құрама Кошицеде Словакияға қалай жол берді

30 қыркүйек, 01:37

Вайсс қазақ кедергісінен өтті: ұлттық құрама Кошицеде Словакияға қалай жол берді

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі екінші ойынын Словакияға қарсы өткізді. Кошицеде өткен кездесу 1:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Матчқа арнайы барған ASnews.kz тілшісі ойын барысын сараптап, ұлттық құрамамыздың словактармен ойындағы төрт жылдық жеңіліссіз сериясының қалай үзілгенін баяндайды.

Төрт жылдық жеңіліссіз серия аяқталды

Қазақстан футболында «ыңғайлы» деп атауға болатын қарсылас жиі кездесе бермейді. Словакия дәл сондай командалардың қатарынан еді.

Магомед Адиевтің шәкірттері бір аптаның ішінде словактарды екі рет ұтқан 2022 жылғы қос матч еске түседі. Алдымен Трнавада Аслан Дарабаевтың голының арқасында 1:0 есебімен жеңіске жеттік, осыдан кейін Штефан Таркович Словакия құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын. Содан кейін Астанада 28 745 көрерменнің көз алдында Ян Вороговский мен Абат Астановтың голдарының көмегімен 2:1 есебі тіркелді.

Екі матч – екі жеңіс. Словакиялық баспасөз бұл ойындарды соңғы жылдардағы ең ауыр сәттердің бірі деп атап, осы кездесу алдында қарымта қайтару туралы ашық айтқан еді.

Сондықтан, сол кездесулерді еске ала отырып, қазір де Джон ван ’т Схиптің командасы лайықты өнер көрсетеді деген үміт болды. Оның үстіне, он төрт жылдан кейін бапкерлік қызметке оралған Владимир Вайсс өзі де Қазақстанмен ойын оңай болмайтынын ескерткен еді.

Дегенмен, ван ’т Схип шығарған құрам біраз сұрақ тудырды. Бапкердің ойы мынадай болды: бірінші таймда алаң иелерінің шабуылына төтеп беріп, екінші таймда жылдам вингерлердің есебінен алға шығуға тырысу. Жоспар түсінікті болғанымен, ол үшін алғашқы қырық бес минутты қателіксіз өткізу қажет еді.

Қателікті кешірмейтін қарсылас

Словакияға келетін болсақ, оның жетекші футболшыларын кез келген жанкүйер жақсы біледі. Милан Шкриньяр, «Наполи» ойыншысы Станислав Лоботка, Давид Ганцко, Ондрей Дуда, Лукаш Гараслин, қақпашы Мартин Дубравка. Яғни, қай жағынан алып қарасаңыз да – топ-чемпионаттардың ойыншылары.

Жергілікті мамандар матчқа сақтықпен, бірақ сеніммен қарады: Молдованы өз алаңында допқа 67% иелік етіп, 2:0 есебімен сенімді ұтқанына қарамастан, Вайсс командадан шабуылды күшейтуді талап етті. Ол мақсатты нақты айқындады – топта тек бірінші орын алу және келесі дивизионға көтерілу.

Бастапқы ысқырыққа дейін камералар ерекше сәтті түсіріп үлгерді: Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан қарсыластар бапкерімен жылы жүздесіп, әңгімелесті.

Матч қалай өтті

Кездесу күтілгендей, алаң иелерінің қарқынды қысымымен басталды. Төртінші минутта-ақ Гараслин айып алаңының сыртынан соққы жасап, Стас Покатилов допты оң жақ жоғарғы бұрыштан қайтарып қалды. Төрт минуттан кейін сол Гараслин айып алаңының сол жақ шетінен тағы да қауіп төндірді – бұл жолы да «Сабах» капитаны өз міндетін мінсіз атқарды.

Қонақтар қақпашысының жұмысы шаш етектен болды. Словактар әртүрлі позициялардан соққы жасады, жақында ғана өз мансабында алғаш рет клубын Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алып шыққан голкипер тер төгіп еңбектенді.

Дегенмен, гол соғылды және ол күтпеген жерден келді. 27-минутта Адам Оберттің соққысы Покатиловқа тиіп, 20 жастағы Лео Зауэрдің алдына түсті – ол жақын қашықтықтан допты сол жақ төменгі бұрышқа дәл бағыттады.

Бірақ бұл тұста қазақстандықтар мінез көрсетті. 35-минутта оң қапталдағы қорғаушы Арсен Әшірбек екі қарсыласын алдап өтіп, допты Жасұлан Әмірге берді, ол шабуылды Рамазан Кәрімовке жалғады – ал жартылай қорғаушы айып алаңының сыртынан тура тоғыздықты көздеп, жойқын соққы жасады. Бұл гол ұлттық құраманың соңғы айлардағы ең әдемі голдарының біріне айналды.

Төрт минуттан соң Давид Стрелец қақпашымен бірге-бір шықты, алайда Покатилов уақытылы алға ұмтылып, сауатты ойнады.

Ересектер құрамасы деңгейінде дебютін жасаған хорватиялық төреші Патрик Коларичтің даулы шешімдері де болмай қалмады. 42-минутта Исламбек Қуат допқа сырғанап ойнап (подкат жасап), сары қағаз алды, дегенмен сырттай қарағанда ол таза ойнағандай көрінді. Жартылай қорғаушы төрешіге эмоциямен өз қарсылығын білдірді – бұл бекер емес еді: осы қағаздың кесірінен ол Молдовамен өтетін матчты жіберіп алады.

Үзіліс, қайта құрылу және ескі таныстар

Үзілісте бөлек бір көрініс орын алды. Трнавадағы жеңілістен кейін жұмысынан айырылған және биылғы жылы «Ақтөбені» жаттықтырған Штефан Таркович алаң шетінде жаттығып жүрген өзінің бұрынғы шәкірттері – Артур Шушеначев, Александр Заруцкий және Георгий Жуковпен жылы жүздесіп, тілдесті.

Бірінші таймнан кейін ван ’т Схип Исмаил Бекболаттың орнына Александр Мрынскийді шығарды. Бұл мәжбүрлі емес, тактикалық шешім еді.

Сарапшылардың пікірінше, нидерландтық маман басында оң қапталға Әмірді емес, Бекболатты қою арқылы дұрыс шешім қабылдаған. Мрынскийдің алаңға шығуы қос қапталды күшейтті: шабуыл кезінде Әшірбек оң жақ орталық қорғаушылар шебіне ауысады, ал Мрынский жоғары көтеріледі – бұл оның «Қайратта» ойнайтын дәл сол схемасы.

56-минутта Мрынский бос қапталда допты қабылдап, жылдамдығын арттырып, қиғаш бұрыштан соққы жасады, бірақ доп қақпадан биік ұшты.

Жетпей қалған мүмкіндік

Екінші тайм да алаң иелерінің басымдығымен басталды. 58-минутта Мартин Вальент оң жақ жартылай қапталдан төмендетіп соққы жасады – Покатилов допты сол жақ төменгі бұрыштан қайтарды. Екі минуттан кейін қақпашы құраманы тағы бір мәрте аман алып қалды.

Дәл осы кезде ван ’т Схип өзінің дайындап қойған күштерін іске қосты: Рамазан Оразов пен Ғалымжан Кенжебек Станислав Басманов пен Жасұлан Әмірдің орнына алаңға шықты. Айтпақшы, Кенжебек осы маусымда жергілікті «Кошице» ФК сапында өнер көрсеткен болатын – ол жақында ғана өзіне таныс болған қаланың алаңында ойнады.

Қазақстандықтардың ең үздік сәтін де дәл сол жасады. 65-минутта Вальенттің қайтарылған соққысынан кейін, алаңға жаңа шыққан вингер бүкіл алаңды дриблингпен өтіп, допты Оразовқа аяғының сыртқы жағымен асырды. Ол комбинацияны жалғастыруға тырысты, соққысына тосқауыл қойылды, бірақ серпілген допқа осыған дейін гол соққан Кәрімов жетті – оның сол жақ төменгі бұрышқа бағыттаған соққысын Дубравка бұрыштамаға қайтарды.

Вайсс бұған бірден жауап қатып, гол авторы Зауэрдің орнына Томаш Бобчекті шығарды.

69-минутта Вальент симуляция үшін сары қағаз алды – Қуат допқа таза ойнады, дегенмен екінші сары қағазды алу қаупі болған еді. Үш минуттан кейін жартылай қорғаушы қақтығыстан соң алаңнан кетіп, орнын Дамир Қасаболатқа босатты.

Стандарттан туған шешім

Шешуші гол ұйымдасқан қорғанысқа қарсы жиі орын алатын жағдайдан туындады. Негізгі уақыттың аяқталуына сегіз минут қалғанда Ондрей Дуда бұрыштамадан доп асырды, ал Давид Ганцко оны жақын бұрышқа дәл бағыттады.

86-минутта Әшірбектің орнына Елхан Астанов шықты, бірақ қонақтар ойын барысын өзгертуге үлгермеді.

Матчты 9109 көрермен тамашалады. Оның 250-ге жуығы – команданы қолдау үшін Словакияның шығысына арнайы келген қазақстандық жанкүйерлер.

Алда не күтіп тұр?

Есеп 1:2, қазақстандықтар Кошицеде жеңіліс тапты. Дегенмен, бұл үшін ван ’т Схиптің командасын ешкім кінәлай қоймас: ойыншылардың деңгейіндегі айырмашылық айқын көрініп тұрды, ал құрама тәртіппен ойнап, өз мүмкіндіктерін де жасай алды.

Екі турдан кейін Словакия алты ұпаймен C3 тобында жеке-дара көш бастап тұр. Фарер аралдарындағы тең ойыннан кейін Қазақстанның еншісінде бір ұпай бар.

Алда 2 қазанда өтетін Молдоваға қарсы матч күтіп тұр, бұл ойынды Исламбек Қуат сары қағаздарының көбеюіне байланысты жіберіп алады. Словакиямен қарымта кездесу 16 қарашада Қазақстанда өтеді – сол кезде команданың есе қайтаруға мүмкіндігі болады.

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  30 қыркүйек, 10:26

Әшірбек – Словакиядан жеңілу туралы: тең есепке ойнаймыз деген тапсырма болған жоқ

1
Ұлттық құрама  30 қыркүйек, 09:32

«Қорғаныста ойнауға тура келді»: Әмір Словакиямен өткен матч жайлы пікір білдірді

2
Ұлттық құрама  30 қыркүйек, 03:52

«Тоғыздықты сездім»: Кәрімов – Словакия қақпасына соққан голы туралы

3
Ұлттық құрама  30 қыркүйек, 01:37

Вайсс қазақ кедергісінен өтті: ұлттық құрама Кошицеде Словакияға қалай жол берді

4
Халықаралық футбол  29 қыркүйек, 19:25

Сәтпаевтың Англиядағы жарақаты: «Бернли» дайындығындағы осалдықты мойындады

5
Ұлттық құрама  29 қыркүйек, 18:33

Словакияда Қазақстан құрамасын қанша жанкүйер қолдайтыны белгілі болды

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22