Матч орталығы
Фарерлік БАҚ Қазақстанмен өткен тең ойынға пікір білдірді
27 қыркүйек, 19:59

Фото: Фарер Аралдары – Қазақстан
Фарерлік Local.fo басылымы Фарер аралдары мен Қазақстан құрамалары арасындағы Ұлттар лигасының бірінші тур матчынан (1:1) алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ASnews.kz.
Шолушы Буй Тирил «Торсволлур» стадионындағы мерекелік атмосфераны және қазақстандық команданың табандылығын атап өтті. Автордың айтуынша, Аки Самуэльсеннің жылдам голынан кейін қонақтар ойынды өз қолдарына алып, Темірлан Ерлановтың стандарттан соққан голының арқасында таразы басын тез теңестірген. Журналист екінші таймды «тартысты тактикалық шахмат партиясына» теңеп, оның қорытындысы әбден әділ тең ойын екенін жеткізді.
Турнир аясындағы келесі матчтарын командалар 29 қыркүйекте өткізеді: Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словакиямен ойнайды, ал Фарер аралдары Молдоваға қарсы ойын үшін Кишиневке аттанады.
Әлім Динасылов