Қазақстандық бапкер Еуропа мен ҚПЛ клубтарынан бас тартып, жастар құрамасын таңдады

31 тамыз, 11:17

Қазақстандық бапкер Еуропа мен ҚПЛ клубтарынан бас тартып, жастар құрамасын таңдады

Фото: Александр Кузнецов

Қазақстанның бірқатар жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған Александр Кузнецов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ мен Еуропа клубтарынан ұсыныстар алғанын, алайда ұлттық құрамадағы жұмысты жалғастыру нұсқасын таңдағанын айтты.

«2023 жылы «Каспийден» ұсыныс түсті. Жасыратын ештеңесі жоқ. Клуб Федерацияға хабарласқанда, оларға: «Кузнецов бізге жасөспірімдер блогына керек» деген жауап берілген. Негізі, жаттықтырушылықтан бөлек, ол жерде қоғамдық негізде де жұмыс істедім. Нәтижесінде команданы Константин Горовенко басқарды.

Екінші ұсыныс Армения Премьер-лигасынан болды. Олар тіпті ұлттық құрамадағы циклді аяқтауыма қарсы болған жоқ. Алайда ҚФФ бұл ұсыныстан бас тартты. Ал Гранаткин мемориалынан кейін Эстонияның жоғары дивизионына шақырды.

Қалай болғанда да, Федерацияға алғысым шексіз. Себебі бұл мен үшін үлкен сабақ болды. Ұлттық құрамада жұмыс істеу – үлкен мәртебе. Бір ғана өкінішім бар: жасөспірімдер құрамасынан кейін жастар құрамасын басқаруға мүмкіндік берілмеді. Менің ойымша, бұл қызметке лайық едім», – деді 41 жастағы маман.

Александр Кузнецов Қазақстанның U-17 және U-19 құрамаларын сегіз жыл бойы баптады. Ол екі рет Президент кубогы мен Даму кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар «Қайрат» пен «Шахтер» клубтарында жұмыс істеген.

Қазіргі таңда қазақстандық бапкер Қытайдың «Линьи» клубында жас футболшылар мен жаттықтырушылардың кәсіби дамуына жауапты маман ретінде қызмет атқарады.

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  7 қазан, 17:33

Бес ойыншысы жоқ, Сәтпаев әзірге белгісіз: «Бернлиде» жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды

1
Халықаралық футбол  7 қазан, 15:36

Қазақстандық шабуылшы Еуропаның танымал клубымен келісімшартқа отырды

2
Ұлттық құрама  7 қазан, 13:48

Мәулен – ұлттық құрама бапкері жайлы: жаңа бапкерді Югославия жақтан қарастыру керек

3
Ұлттық құрама  7 қазан, 12:24

«Электриктер мен жиһаз сатушылар»: фарерлік экс-футболшы Қазақстанның кіммен тең ойнағанын айтып берді

4
Ұлттық құрама  7 қазан, 11:49

Белгілі футбол функционері: Қазақстан құрамасын қайта құру қажет

5
Ұлттық құрама  7 қазан, 09:34

ҚФФ президенті Марат Омаров Қазақстан құрамасының сәтсіздіктері аясында инстаграм-аккаунтын өшіріп тастады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22