Қақпадағы қорғаушы және Африкалық ертегі: Қазақстанмен ойнайтын Комор аралдары деген кім?

27 наурыз, 15:30

Қақпадағы қорғаушы және Африкалық ертегі: Қазақстанмен ойнайтын Комор аралдары деген кім?

Фото: Комор аралдарының ұлттық құрамасы

31 наурызда Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирі аясында Комор аралдарымен ойнайды. Қазақстандық жанкүйерлердің көпшілігі үшін бұл – ешкім білмейтін, сонау Африкадан келген беймәлім команда.

ASnews.kz авторы сараптама жасап, осыдан төрт жыл бұрын африкалық футбол тарихындағы ең керемет оқиғалардың бірін жазған «целаканттар» туралы барлық мәліметті ұсынуға дайын.

География және қысқаша мәлімет: олар жалпы қайдан шықты?

Комор аралдары (ресми атауы – Комор аралдары одағы) – Үнді мұхитында Мозамбик пен Мадагаскар аралығында орналасқан кішкентай аралдық мемлекет. Архипелаг төрт аралдан тұрады: Гранд-Комор (Нгазиджа), Анжуан (Нзвани), Мохели (Муали) және Майотта. Дегенмен, Майотта әлі күнге дейін Францияның теңіздің арғы жағындағы аумағы болып саналады, бұл дипломатиялық дауларға себеп болуда.

Негізгі фактілер:

  • Халық саны: шамамен 900 мың адам (Алматы қаласынан да аз).
  • Астанасы: Гранд-Комор аралындағы Морони.
  • Ресми тілдері: комор (шикомори), француз және араб.
  • Тәуелсіздік алған жылы: 1975 жыл (Франциядан).
  • Жер көлемі: 1862 км² (шамамен Алматы облысының жартысындай).
  • Салыстыру үшін: Бұл – Африкадағы ең кішкентай елдердің бірі. Халық саны Еуропадағы көптеген қалалардан да аз.

«Целаканттар»: неге дәл осы балық?

Комор аралдары құрамасын «целаканттар» (Les Cœlacanthes) деп атайды. Бұл лақап ат осыдан 410 миллион жыл бұрын пайда болған ежелгі реликт балықпен байланысты. Ғалымдар оны жойылып кеткен деп есептеген, алайда 1952 жылы дәл осы архипелаг суларында тірі целакант табылып, сенсацияның куәсі болды. Команда үшін бұл балық аман қалудың және ұлттық төзімділіктің басты символына айналды.

«Целакант біздің тарихымызды бейнелейді. Осы балық сияқты біз де ұзақ уақыт бойы ең төменде болдық, ал қазір турнир кестесінде бірте-бірте жоғарылап келеміз», – деп түсіндірді құрама менеджері Хамада Джамбай.

Бұл ерекше лақап ат құрамаға 2005 жылы, Комор аралдары ФИФА-ға мүше болғаннан кейін бірден берілген.

Футбол тарихы: қараңғылықтан шыққан ұзақ жол

Кеш басталған қадам

Комор аралдары тәуелсіздігін 1975 жылы алғанымен, КАФ-қа (Африка футбол конфедерациясы) тек 2003 жылы, ал ФИФА-ға 2005 жылдың 12 қыркүйегінде ғана мүше болды. Осылайша, олар аАфрикада ФИФА-ға ең кеш қосылған елдердің бірі ретінде тіркелді. Салыстыру үшін: Қазақстан ФИФА-ға 1994 жылы, Комор аралдарынан 11 жыл бұрын кірген. ФИФА мойындаған алғашқы ресми матч 2006 жылдың желтоқсанында өтті: Комор аралдары Джибутиді 4:2 есебімен тас-талқан етті. Бұл тарихтағы алғашқы жеңіс еді.

Амир Абду дәуірі: тұңғиықтан көтерілу

Команданың нағыз трансформациясы 2014 жылы бас бапкер қызметіне Амир Абду келген кезде басталды. Марокколық тамыры бар француз маманы ФИФА рейтингінде 200-орында тұрған құраманы қабылдап, қатаң тәртіп орнатып, Франциядан коморлық тамыры бар ойыншыларды белсенді түрде шақыра бастады. Абдудың жетекшілігімен Комор аралдары тарихта алғаш рет ӘЧ-2018 іріктеуінің бастапқы кезеңінен өтіп, Лесотоны жарыс жолынан шығарды.

2019 жылғы 14 қараша: бәрін өзгерткен күн

Бұл күн коморлық футбол тарихына алтын әріппен жазылды. Африка кубоына іріктеу барысында Комор аралдары сырт алаңда Тогоны ұтты (1:0). Бұл ел тарихындағы ірі іріктеу турнирлеріндегі алғашқы сырт алаңдағы жеңіс болатын. Содан кейін Египетпен тең ойын (0:0) және Кенияны жеңді (2:1). Нәтижесінде, 2021 жылдың 30 наурызында Комор аралдары ел тарихындағы алғашқы ірі турнир – Африка кубогына жолдама алды.

Африка кубогы-2021: ертегі мен трагедия

Гананы қапы қалдырған сенсация

Дебюттік Африка кубогы-2021 (2022 жылы өткен) Комор аралдары үшін қиын басталды: Габон (0:1) мен Мароккодан (0:2) жеңілген соң команда жарыстан шығып қалудың алдында тұрды. Алайда 18 қаңтарда Амир Абду шәкірттері нағыз тарих жасады. Шешуші матчта коморлықтар Африканың төрт дүркін чемпионы Гана құрамасын сенсация жасап ұтты (3:2). BBC бұл нәтижені «Ұлттар кубогы тарихындағы ең үлкен шоктардың бірі» деп атады. Үш ұпай жинаған Комор аралдары плей-оффқа шықса, жұлдызды Гана 2006 жылдан бері алғаш рет топтан шыға алмады.

2022 жылғы 24 қаңтар: тарихта қалатын матч

1/8 финалда турнир қожайыны Камерунға қарсы ойын алдында Комор құрамасы нағыз сұмдыққа тап болды. Команданың 12 ойыншысынан (оның ішінде барлық үш қақпашыдан да) COVID-19 табылды. КАФ ережесі бойынша, егер командада кем дегенде 11 дені сау ойыншы болса, матч өтуі тиіс еді. Комор аралдарында дәл 11 ойыншы қалған болатын. Қақпаға амалсыздан алаңдағы ойыншыны қоюға тура келді.

Чакер Альхадур: бір матчтың қаһарманы

Бұл міндет бүкіл мансабын Францияда («Нант», «Кан», «Аяччо») өткізген, бойы небәрі 172 см болатын 30 жастағы сол жақ қорғаушы Чакер Альхадурға жүктелді. Ол өмірінде ресми матчта қақпада тұрып көрмеген еді. Басқа форма болмағандықтан, Альхадур үшін қақпашының жейдесіне скотчпен «3» нөмірін жабыстырып берді.

Ғасыр матчы

7-минутта капитан Наджим Абду қызыл қағаз алып, команда алаңда он адаммен қалды. Бес дүркін Африка чемпиондарына қарсы, қақпада қорғаушы тұрғанына және азшылықта ойнағанына қарамастан, коморлықтар соңына дейін күресті. Альхадур қақпада нағыз ғажайыптар жасады. Есеп 0:2 болған тұста Юссуф М'Шангама ғажап айып соққысымен жұлдызды қақпашы Андре Онананы қапы қалдырды. Каморлықтар 1:2 есебімен жеңілсе де, бүкіл құрлықтың жүрегін жаулап алды.

«Қандай команда, қандай ЕРЛІК! Африка осы айбынды Комор құрамасымен мақтанады!» – деп жазды аты аңызға айналған Дидье Дрогба өз парақшасында.

Алаңдағы ойыншы Альхадур төрт толыққанды сейв жасады, оның бірі турдың ең үздік сейві деп танылды.

КАН-2021-ден кейін: қозғалыс жалғасуда

2022 жылдың маусымында коморлық ғажайыптың авторы Амир Абдудың орнына италиялық Стефано Кузин келді. Оның басшылығымен команда таңғалдыруын тоқтатқан жоқ: ӘЧ-2026 іріктеуінде Гана (1:0), ОАР (4:2) және Чадты (2:0) ұтты, ал аймақтық COSAFA кубогында 2025 жылы қола жүлде жеңіп алды. Қазіргі уақытта «целаканттар» өз тарихындағы екінші Африка кубогында плей-оффқа шығу үшін таласуда.

Қазіргі ФИФА рейтингі (2026 жылдың наурызы):

  • ФИФА рейтингіндегі орны: 106-орын.
  • Салыстыру үшін: Қазақстан 114-орында тұр.

«Француз легионы» феномені

Комор құрамасының ең қызықты ерекшелігі – ойыншылардың 90%-дан астамының Францияда туып-өскендігі. Бұл неліктен? 1975 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін мыңдаған адам бұрынғы метрополияға қоныс аударып, Марсельде үлкен диаспора қалыптастырды. Сол жақта сапалы француз академияларынан өткен ойыншылар жұлдызды Франция құрамасына бәсекелестікке байланысты іліге алмады. Сондықтан 2014 жылдан бастап коморлық селекционерлер оларды тарихи отанына шақыра бастады. Бүгінде олардың көбі французша комор тілінен де жақсы сөйлейді.

Тактика: Қазақстан не күтуі керек?

Комор құрамасы тарихи тұрғыдан қорғаныс пен қарсы шабуылға баса назар аударатын ұйымдасқан, тәртіпті футбол ойнайды. Сүйікті схемасы: 4-4-2 немесе 4-2-3-1 (екі тіреуіш жартылай қорғаушымен).

  • Мықты тұстары: Қорғаныстағы тәртіп, стандарттар (Юссуф М'Шангама – айып соққыларының шебері), мықты командалық рух және француз академияларынан алған жақсы техникалық база.
  • Әлсіз тұстары: Физикалық тұрғыда топ-африкалық командалардан қалыс қалады, Еуропаның топ-5 лигаларында ойнайтын жұлдыздардың жоқтығы және шабуылдағы қиындықтар (матчына орташа 1-1.5 гол соғады).

Қазақстанның жанында олар қандай көрінеді?

Шамамен тең қарсыластар. Қазақстанның физикалық дайындығы мен еуропалық іріктеулердегі тәжірибесі басым болса, Комор аралдары мұны техника мен тәртіп арқылы теңестіре алады. Ойын өте тартысты өтіп, гол аз соғылуы мүмкін.

Қорытынды: қарсыласты менсінбеуге болмайды

Комор аралдары – Африкадан келген жай ғана экзотикалық қарсылас емес. Бұл – аман қалудың, мызғымас рухтың және ең қиын жағдайларда да ғажайыптар жасауға қабілетті команданың тарихы. 31 наурызда қазақстандық жанкүйерлер тек нәтиже үшін емес, өздерінің кішкентай аралдық ұлтының намысы үшін ойнайтын, ежелгі төзімділік символы – «целакант» атын арқалаған ұжымды көретін болады.

Тағы да оқыңыз

Кеше, 20:54

Сарапшы – «Ақтөбенің» жаңа бапкері туралы: Қырғызстан менталитетін түсіне алмады

Кеше, 18:52

Глеб Макридов: «Атлетикоға» келгеніме қуаныштымын – мұнда әлемнің үздіктері доп тебеді

Кеше, 16:08

Англия—Уругвай: тартысты ойын күтеміз

Кеше, 13:10

Грозныйлық «Ахматтың» бұрынғы футболшысы Кенжебек туралы: қысқа уақыт ішінде өз деңгейін көрсетуі тиіс

Кеше, 11:51

Испания—Сербия: алаң иелері айқын фаворит

Кеше, 10:17

Коморлық журналист: Қазақстанмен ойын алдында 10 футболшы жарақат алды

Басты жаңалықтар

ҚПЛ   27 наурыз, 20:54

Сарапшы – «Ақтөбенің» жаңа бапкері туралы: Қырғызстан менталитетін түсіне алмады

1
Басқа жаңалықтар   27 наурыз, 18:52

Глеб Макридов: «Атлетикоға» келгеніме қуаныштымын – мұнда әлемнің үздіктері доп тебеді

2
Ұлттық құрама   27 наурыз, 15:30

Қақпадағы қорғаушы және Африкалық ертегі: Қазақстанмен ойнайтын Комор аралдары деген кім?

3
Ұлттық құрама   27 наурыз, 13:10

Грозныйлық «Ахматтың» бұрынғы футболшысы Кенжебек туралы: қысқа уақыт ішінде өз деңгейін көрсетуі тиіс

4
Ұлттық құрама   27 наурыз, 10:17

Коморлық журналист: Қазақстанмен ойын алдында 10 футболшы жарақат алды

5
ҚПЛ   27 наурыз, 10:00

Еуро-2020 қаһарманы және Қырғызстандағы сәтсіздік: «Ақтөбені» баптауы мүмкін Таркович жайлы не білеміз?

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан. Премьер-лига
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Астана Астана
3
2
1
0
5
7
2
Ордабасы Ордабасы
3
2
1
0
4
7
3
Оқжетпес Оқжетпес
3
2
1
0
3
7
4
Қайрат Қайрат
3
2
1
0
2
7
5
Елімай Елімай
3
1
2
0
3
5
6
Қызылжар Қызылжар
3
1
1
1
0
4
7
Ұлытау Ұлытау
3
1
1
1
0
4
8
Ертіс Ертіс
3
0
3
0
0
3
9
Атырау Атырау
3
0
3
0
0
3
10
Ақтөбе Ақтөбе
3
1
0
2
-1
3
11
Алтай Алтай
3
0
2
1
-1
2
12
Жеңіс Жеңіс
3
0
2
1
-2
2
13
Қайсар Қайсар
3
0
2
1
-2
2
14
Жетісу Жетісу
3
0
2
1
-3
2
15
Каспий Каспий
3
0
1
2
-3
1
16
Тобыл Тобыл
3
0
1
2
-5
1
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Арсенал Арсенал
31
21
7
3
39
70
2
Манчестер Сити Манчестер Сити
30
18
7
5
32
61
3
Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед
31
15
10
6
13
55
4
Астон Вилла Астон Вилла
31
16
6
9
5
54
5
Ливерпуль Ливерпуль
31
14
7
10
8
49
6
Челси Челси
31
13
9
9
15
48
7
Брентфорд Брентфорд
31
13
7
11
4
46
8
Эвертон Эвертон
31
13
7
11
2
46
9
Фулхэм Фулхэм
31
13
5
13
-1
44
10
Брайтон Брайтон
31
11
10
10
4
43
11
Сандерленд Сандерленд
31
11
10
10
-4
43
12
Ньюкасл Юнайтед Ньюкасл Юнайтед
31
12
6
13
-1
42
13
Борнмут Борнмут
31
9
15
7
-2
42
14
Кристал Пэлас Кристал Пэлас
30
10
9
11
-2
39
15
Лидс Лидс
31
7
12
12
-11
33
16
Ноттингем Форест Ноттингем Форест
31
8
8
15
-12
32
17
Тоттенхэм Тоттенхэм
31
7
9
15
-10
30
18
Вест Хэм Вест Хэм
31
7
8
16
-21
29
19
Бёрнли Бёрнли
31
4
8
19
-28
20
20
Вулверхэмптон Вулверхэмптон
31
3
8
20
-30
17
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Барселона Барселона
29
24
1
4
50
73
2
Реал Мадрид Реал Мадрид
29
22
3
4
37
69
3
Вильярреал Вильярреал
29
18
4
7
20
58
4
Атлетико Мадрид Атлетико Мадрид
29
17
6
6
21
57
5
Бетис Бетис
29
11
11
7
7
44
6
Сельта Сельта
29
10
11
8
6
41
7
Реал Сосьедад Реал Сосьедад
29
10
8
11
-1
38
8
Хетафе Хетафе
29
11
5
13
-6
38
9
Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао
29
11
5
13
-9
38
10
Осасуна Осасуна
29
10
7
12
-1
37
11
Эспаньол Эспаньол
29
10
7
12
-8
37
12
Валенсия Валенсия
29
9
8
12
-10
35
13
Жирона Жирона
29
8
10
11
-13
34
14
Райо Вальекано Райо Вальекано
29
7
11
11
-7
32
15
Севилья Севилья
29
8
7
14
-12
31
16
Алавес Алавес
29
8
7
14
-11
31
17
Эльче Эльче
29
6
11
12
-8
29
18
Мальорка Мальорка
29
7
7
15
-13
28
19
Леванте Леванте
29
6
8
15
-14
26
20
Реал Овьедо Реал Овьедо
29
4
9
16
-28
21
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Бавария Бавария
27
22
4
1
72
70
2
Боруссия Дортмунд Боруссия Дортмунд
27
18
7
2
30
61
3
Штутгарт Штутгарт
27
16
5
6
20
53
4
РБ Лейпциг РБ Лейпциг
27
15
5
7
18
50
5
Хоффенхайм Хоффенхайм
27
15
5
7
15
50
6
Байер 04 Байер 04
27
13
7
7
16
46
7
Айнтрахт Франкфурт Айнтрахт Франкфурт
27
10
8
9
-1
38
8
Фрайбург Фрайбург
27
10
7
10
-5
37
9
Унион Берлин Унион Берлин
27
8
7
12
-15
31
10
Аугсбург Аугсбург
27
9
4
14
-17
31
11
Майнц Майнц
27
7
9
11
-9
30
12
Гамбург Гамбург
27
7
9
11
-9
30
13
Боруссия М Боруссия М
27
7
8
12
-13
29
14
Вердер Вердер
27
7
7
13
-17
28
15
Кёльн Кёльн
27
6
8
13
-9
26
16
Санкт-Паули Санкт-Паули
27
6
6
15
-20
24
17
Вольфсбург Вольфсбург
27
5
6
16
-22
21
18
Хейденхайм Хейденхайм
27
3
6
18
-34
15
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Интер Милан Интер Милан
30
22
3
5
42
69
2
Милан Милан
30
18
9
3
24
63
3
Наполи Наполи
30
19
5
6
16
62
4
Комо Комо
30
16
9
5
31
57
5
Ювентус Ювентус
30
15
9
6
23
54
6
Рома Рома
30
17
3
10
17
54
7
Аталанта Аталанта
30
13
11
6
14
50
8
Лацио Лацио
30
11
10
9
3
43
9
Болонья Болонья
30
12
6
12
2
42
10
Сассуоло Сассуоло
30
11
6
13
-4
39
11
Удинезе Удинезе
30
11
6
13
-7
39
12
Парма Парма
30
8
10
12
-17
34
13
Дженоа Дженоа
30
8
9
13
-6
33
14
Торино Торино
30
9
6
15
-19
33
15
Кальяри Кальяри
30
7
9
14
-11
30
16
Фиорентина Фиорентина
30
6
11
13
-9
29
17
Кремонезе Кремонезе
30
6
9
15
-19
27
18
Лечче Лечче
30
7
6
17
-19
27
19
Верона Верона
30
3
9
18
-30
18
20
Пиза Пиза
30
2
12
16
-31
18
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
ПСЖ ПСЖ
26
19
3
4
36
60
2
Ланс Ланс
27
19
2
6
30
59
3
Марсель Марсель
27
15
4
8
19
49
4
Лион Лион
27
14
5
8
12
47
5
Лилль Лилль
27
14
5
8
8
47
6
Монако Монако
27
14
4
9
9
46
7
Ренн Ренн
27
12
8
7
6
44
8
Страсбур Страсбур
27
11
7
9
10
40
9
Тулуза Тулуза
27
10
7
10
6
37
10
Лорьян Лорьян
27
9
10
8
-4
37
11
Брест Брест
27
10
6
11
-5
36
12
Анже Анже
27
9
5
13
-13
32
13
Париж Париж
27
7
10
10
-11
31
14
Гавр Гавр
27
6
9
12
-13
27
15
Ницца Ницца
27
7
6
14
-20
27
16
Осер Осер
27
5
7
15
-14
22
17
Нант Нант
26
4
5
17
-21
17
18
Метц Метц
27
3
5
19
-35
14