АПЛ-дың бұрынғы шабуылшысы — Коулман жайлы: ойыншыларға өздерін жеңілместей сезіндіреді
19 желтоқсан, 16:47
Фото: Крис Коулман
Уэльс құрамасының және ағылшын Премьер-лигасы клубтарының бұрынғы шабуылшысы Натан Блэйк ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Крис Коулманның Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына тағайындалу ықтималдығына қатысты пікір білдірді.
«Крис Коулман — керемет жігіт және түрлі мәдениеттерде жұмыс істеген мол тәжірибесі бар жақсы бапкер. Егер тіл кедергісі болмаса, ол Қазақстан құрамасының ойыншыларына өздерін жеңілместей сезіндіреді.
Ол шынымен де ойыншыларға және ең бастысы, адамдарға қамқорлық жасайтын жақсы адам. Оның жүрегі кең», — деді Блэйк.
Натан Блэйк ағылшын футболында ұзақ уақытын өткізіп, клубтық деңгейде 450-ден астам матчқа қатысып, 140-тан астам гол соққан. АПЛ-да «Болтон», «Блэкберн», «Вулверхэмптон» және «Лестер» намысын қорғады. Уэльс құрамасы сапында шабуылшы 30 ойын өткізген. Қазіргі уақытта Блэйк сарапшы болып жұмыс істейді.
Қазақстан футбол федерациясы 55 жастағы Крис Коулманды бас бапкер қызметіне үміткерлердің бірі ретінде қарастыруда. Оның мансабындағы басты жетістігі — Уэльс құрамасымен Еуро-2016 турнирінің жартылай финалына шығуы. Сондай-ақ ол англиялық «Фулхэм» мен «Сандерленд», испаниялық «Реал Сосьедад» және грекиялық клубтарды жаттықтырған.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
АПЛ-дың бұрынғы шабуылшысы — Коулман жайлы: ойыншыларға өздерін жеңілместей сезіндіреді
2Турнирлік кесте
Қайрат
Астана
Тобыл
Елімай
Ақтөбе
Жеңіс
Ордабасы
Оқжетпес
Қызылжар
Ұлытау
Қайсар
Жетісу
Атырау
Тұран
Арсенал
Манчестер Сити
Астон Вилла
Челси
Кристал Пэлас
Манчестер Юнайтед
Ливерпуль
Сандерленд
Эвертон
Брайтон
Тоттенхэм
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Фулхэм
Брентфорд
Ноттингем Форест
Лидс
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Эспаньол
Бетис
Атлетик Бильбао
Сельта
Севилья
Хетафе
Эльче
Алавес
Райо Вальекано
Мальорка
Реал Сосьедад
Осасуна
Валенсия
Жирона
Реал Овьедо
Леванте
Бавария
РБ Лейпциг
Боруссия Дортмунд
Байер 04
Хоффенхайм
Штутгарт
Айнтрахт Франкфурт
Унион Берлин
Фрайбург
Кёльн
Боруссия М
Вердер
Вольфсбург
Гамбург
Аугсбург
Санкт-Паули
Хейденхайм
Майнц
Интер Милан
Милан
Наполи
Рома
Ювентус
Болонья
Комо
Лацио
Сассуоло
Удинезе
Кремонезе
Аталанта
Торино
Лечче
Кальяри
Дженоа
Парма
Верона
Пиза
Фиорентина
Ланс
ПСЖ
Марсель
Лилль
Лион
Ренн
Страсбур
Тулуза
Монако
Анже
Брест
Лорьян
Ницца
Париж
Гавр
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов