Эдейпо – «Жетісудың» жаңа футболшысы Саксесс туралы: мен үшін ол өліп қалған
31 тамыз, 18:05

Фото: Рафаэль Саксесс
«Қайсардың» бұрынғы шабуылшысы, қазіргі скаут болып жұмыс істейтін Филип Эдейпо BorodAbata.kz (AS News) тілшісіне агент Валерий Решетнев пен «Жетісудың» вингері Рафаэль Саксесстің сатқындығы туралы айтып берді.
– Сіз дәл осы трансфер кезеңінде «Жетісуға» Рафаэль Саксессті әкелдіңіз. Мұндай талантты қайдан тауып алдыңыз?
– Біз бір-бірімізді мың жылдан бері білеміз. Оның қай жерде ойнайтынын көру ғана қалған, Рафаэль епті және жылдам болғандықтан, мұны жаңадан ашылған ойыншы деп айтпас едім. Қазақстанда осындай вингерлер жетіспейді. Мен оған «Жетісу» және бапкері Смаковтың абыройы туралы айттым, содан кейін Решетневке Саксесстің өзін ұсындым.
Мен оны Вьетнамда да байқап қалдым, сол кезде Валериймен өз пікірімді бөлістім, ол: «Иә, олар Рафаэльді клубта көргісі келеді. Ол мынанша ақша алады, ал біз мынанша аламыз» дегендей әңгіме айтты.
Содан кейін Решетнев Менен Саксесстің нөмірін сұрады, мен бас тарттым. Ол тағы да: «Жоқ, сен маған сене аласың, мен сенің артыңнан ешқандай іс қылмаймын». Мен нөмірін бердім, бірақ ақыр соңында Валерий ойыншымен тікелей байланысқа шығып, мені сатып кетті.
– Бәрі осылай оп-оңай болып кетті ме?
– Иә, менде барлық дәлелдер бар. Тіпті телефонымда «Жетісудан» Анталиядағы қысқы оқу-жаттығу жиынына арналған шақырту бар – олар Рафаға біраздан бері қызығушылық танытқан. Ең ренжітетіні, Валерий футболшы болған кезде де менің ақшамның бір бөлігін алған. Мен мұны бұған дейін еш жерде айтқан емеспін.
– Ал Саксесстің өзі ше?
– Оған агент алғаш рет хабарласқан кезде маған бірден ескертті. Мен былай деп жаздым: «Валерий, егер саған Рафаэльден бірдеңе керек болса, маған хабарлас. Бізде қазір келісімшарт болмаса да, ол менің футболшым». Саксесстің агенттігінде жұмыс істеген әйелім оған виза алуға көмектесу үшін басқа қалаға барды, бірақ ол жай ғана жоқ болып кетті. Әйелім жүкті болғанына қарамастан бір жарым сағатын босқа жіберді, ал ол кезде Рафа Решетневпен тіл табысып кеткен еді.
Қазақстанда күтпеген жерден Саксесстің пайда болғанын көргенде, «Не боп кетті?» деп қалдым. Бұл жігіт жай ғана ақшасын менімен бөліскісі келмеді, енді олардың біреуі мен үшін өлді, ал екіншісі мені барлық жерде қара тізімге енгізіп тастады. Маған беретін комиссия мөлшері онсыз да болмашы ақша еді.
Рафаэль Саксесс «Жетісуға» шілде айында ауысқан болатын. 27 жастағы нигериялық футболшы бұған дейін «Ханой» мен бірқатар Шығыс Азия клубтарында ойнаған.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
A PHP Error was encountered
Severity: Warning
Message: file_put_contents(/var/www/borodabata.kz/system/language/kazakh/index_page_lang.php): failed to open stream: Permission denied
Filename: core/Lang.php
Line Number: 156
Backtrace:
File: /var/www/borodabata.kz/application/helpers/site_helper.php
Line: 277
Function: lang
File: /var/www/borodabata.kz/application/views/pages/left_news.php
Line: 6
Function: created_at
File: /var/www/borodabata.kz/application/views/pages/single_news.php
Line: 66
Function: include
File: /var/www/borodabata.kz/application/views/index.php
Line: 209
Function: include
File: /var/www/borodabata.kz/application/controllers/Main_page.php
Line: 354
Function: view
File: /var/www/borodabata.kz/index.php
Line: 316
Function: require_once
Британдық журналист – «Қайраттың» ЧЛ-на шығуы туралы: Еуропа алыптары мұндай сапарды ұнатпайды
1Британдық журналист – «Қайрат» пен «Реал» ойыны жайлы: Алматығы бару Токиоға барғанмен бірдей
4Турнирлік кесте













































































































