Матч орталығы
ҚФФ легионерлерге қатысты лимитті өзгерту мәселесін қосымша талқылайды
27 қараша, 15:22

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан футбол федерациясында (ҚФФ) премьер-лига клубтарындағы шетелдік ойыншыларға бөлінетін квота төңірегіндегі пікірталас қайта жанданды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазіргі уақытта федерация бұл мәселені егжей-тегжейлі талқылау үшін клуб өкілдері арасынан арнайы комиссия құрамын жасақтап жатыр.
Бұған дейін 2027 жылғы маусымнан бастап ҚПЛ-дың әр клубы маусымдық өтінімге 10 легионердің орнына тоғыз шетелдік ойыншыны ғана тіркей алатыны белгілі болған еді. Кейбір клубтар өтінімдегі шетелдіктер санын көбейтуді қолдап дауыс берді. Олардың қатарында «Ордабасы», «Ақтөбе», «Жеңіс», «Оқжетпес» және басқа да командалар бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚФФ клубтардың өтініміндегі шетелдік ойыншылар квотасын кезең-кезеңімен қысқарту жөніндегі үш жылдық бағдарламаны бекіткен болатын: егер 2025 жылы 12 легионерді, ал 2026 жылы 10 легионерді тіркеуге рұқсат етілсе, 2027 жылғы маусымда лимит тоғыз ойыншыға дейін (кемінде 16 жергілікті түлек болған жағдайда), ал 2028 жылы сегіз ойыншыға дейін төмендеуі тиіс. Бұл ретте өтінімге енген легионерлердің алаңда бір мезгілде ойнау санына шектеу қойылмаған.
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Әлім Динасылов