Матч орталығы
«Қайрат» «Мьельбюді» жеңгеннен кейін Конференция лигасының плей-офф аймағына көтерілді
27 қараша, 08:27

Фото: Темірлан Анарбеков және Жора Арутюнян
Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің төртінші турындағы жеңісінен кейін еурокубоктердің көктемгі кезеңіне шығуға үміткерлер қатарына қосылды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бір күн бұрын қазақстандық клуб өз алаңында швециялық «Мьельбюді» 1:0 есебімен тізе бүктіріп, еуропалық клубтық турнирлердің негізгі кезеңіндегі тарихи алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл жетістік алматылықтарға бес ұпай жинап, жалпы турнир кестесінде 23-орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
Бұған дейін турнирдің ағымдағы маусымында «Қайрат» латвиялық «Рига» (1:1) және италиялық «Аталантамен» (1:1) тең ойнап, грекиялық «Панатинаикосқа» (1:5) есе жіберген болатын. Жалпы кезең аяқталғанға дейін алматылықтарға екі матч өткізу қалды – румыниялық «Университатя» және нидерландтық «Твенте» клубтарына қарсы.
Еске сала кетейік, турнир регламенті бойынша плей-офф кезеңіне ең үздік 24 клуб шығады: алғашқы сегіз команда тікелей 1/8 финалға жолдама алса, 9-дан 24-орынға дейін иеленген қатысушылар түйісу кезеңінде бақ сынайды.
«Бұл менің соңғы ойыным болды»: Тапалов «Қайраттан» кететінін айтты
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Әлім Динасылов