Матч орталығы
Еуропалық чемпионаттың екі дүркін жеңімпазы ҚПЛ-ға оралуы мүмкін
12 қараша, 08:03

Фото: Домантас Антанавичюс
«Судуваның» литвалық жартылай қорғаушысы Домантас Антанавичюс Қазақстан премьер-лигасына оралу нұсқаларын қарастырып жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
27 жастағы хавбек отандық чемпионатта өз бағын қайта сынап көруге дайын. Дегенмен, қолда бар ақпаратқа сүйенсек, қостанайлық «Тобыл» бұл футболшымен келісімшартқа отырудан қазірдің өзінде бас тартқан.
Антанавичюс 2022–2024 жылдар аралығында «Атырау» сапында өнер көрсетті. Батысқазақстандық клуб құрамында литвалық ойыншы 47 ресми матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Өз мансабында футболшы «Судувамен» бірге туған елінде екі мәрте чемпиондық титулды жеңіп алды, сондай-ақ «Целе» сапында Словения біріншілігінің алтын медаліне қол жеткізді. Айта кетейік, Домантас ұлттық құрама сапында 2024 жылы, яғни «мұнайшылар» қатарынан кеткеннен кейін ғана дебют жасады. Бүгінгі таңда оның еншісінде Литва құрамасы үшін өткізген алты матч бар.
Әлім Динасылов