Матч орталығы
Йонсен қара үзіп кетті: ҚПЛ-дың 28-турынан кейінгі үздік сұрмергендер тізімі
12 қазан, 11:14

Фото: Бьорн Йонсен
Қазақстан премьер-лигасының 28-турынан кейін шымкенттік «Ордабасының» норвегиялық шабуылшысы Бьорн Йонсен сұрмергендер көшін сенімді түрде бастап келеді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Өткен демалыста «Қайсарға» қарсы сырт алаңдағы ойында (1:4) хет-трик авторы атанған 34 жастағы форвард өз активіндегі голдар санын 14-ке жеткізді. Айта кетерлігі, Йонсен қатарынан екінші матчта үш голдан соғып отыр. Ол биылғы маусымда небәрі 15 ойын өткізіп, тамаша нәтижелілік көрсетуде.
ҚПЛ-2026 маусымының үздік сұрмергендері (28-турдан кейін):
Бьорн Йонсен («Ордабасы») – 14
Урош Милованович («Тобыл») – 11
Марин Томасов («Астана») – 10
Роман Мұртазаев («Елімай») – 10
Оралхан Өміртаев – 9
Эдмилсон («Қайрат») – 9
Артур Шушеначев («Ақтөбе») – 9
Фесу Плакка («Елімай») – 9
Жасұлан Әмір («Ордабасы») – 8
Марк Гуаль («Қайрат») – 8
Еске салайық, чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда «Ордабасы» турнирлік кестені бастап тұр және екінші орындағы алматылық «Қайраттан» төрт ұпайға алда келеді.
Ахмет Ержанов