«Шахтер» бірінші лига рекордын орнатты: қарағандылықтар қатарынан 14 матчта жеңіске жетті

4 қыркүйек, 17:07

«Шахтер» бірінші лига рекордын орнатты: қарағандылықтар қатарынан 14 матчта жеңіске жетті

Фото: «Шахтер» ФК

Қарағандылық «Шахтер» Қазақстан бірінші лигасының 21-туры аясында өз алаңында алматылық «Хан-Тенгриді» сенімді түрде жеңіп, турнир тарихындағы рекордты жаңартты, деп хабарлайды ASnews.kz.

«Шахтер» қосалқы аренасында өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына 4:0 есебімен аяқталды. Матчтың басты қаһармандары дубль авторлары атанған қазақстандық шабуылшылар болды: Диас Қалыбаев 17 және 71-минуттарда көзге түссе, Артем Литош 25 және 49-минуттарда мергендігімен танылды.

Бұл жеңіс «кеншілердің» ағымдағы маусымдағы қатарынан 14-ші рет басым түсуі болып отыр. Андрей Финонченконың шәкірттері бірінші лиганың абсолютті рекордын орнатып, қазақстандық футбол тарихындағы бір ұлттық чемпионат аясындағы ең ұзақ жеңісті серия тіркеді. Айта кетейік, бұған дейінгі рекордты 13 матчы қатарынан жеңіске жеткен «Қайрат-Жастар» мен «Елімай» ұстап тұрған еді.

Еншісінде 58 ұпайы бар «Шахтер» турнирлік кестенің көшін сенімді түрде бастап келеді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қарағандылық клуб премьер-лигаға мерзімінен бұрын жолдама алған болатын.

Бірінші лиганың ағымдағы маусымында «Шахтер» 21 матч өткізіп, 19 рет жеңіске жетті, бір ойында тең түсіп, бір мәрте ғана жеңілді (жалпы голдар айырмасы – 62:7). Маусымның аяқталуына командаларға бес тур қалды, ал келесі кездесуде қарағандылықтар оралдық «Жайықпен» күш сынасады.

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  7 қазан, 17:33

Бес ойыншысы жоқ, Сәтпаев әзірге белгісіз: «Бернлиде» жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды

1
Халықаралық футбол  7 қазан, 15:36

Қазақстандық шабуылшы Еуропаның танымал клубымен келісімшартқа отырды

2
Ұлттық құрама  7 қазан, 13:48

Мәулен – ұлттық құрама бапкері жайлы: жаңа бапкерді Югославия жақтан қарастыру керек

3
Ұлттық құрама  7 қазан, 12:24

«Электриктер мен жиһаз сатушылар»: фарерлік экс-футболшы Қазақстанның кіммен тең ойнағанын айтып берді

4
Ұлттық құрама  7 қазан, 11:49

Белгілі футбол функционері: Қазақстан құрамасын қайта құру қажет

5
Ұлттық құрама  7 қазан, 09:34

ҚФФ президенті Марат Омаров Қазақстан құрамасының сәтсіздіктері аясында инстаграм-аккаунтын өшіріп тастады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22