Еуро-2020 қаһарманы және Қырғызстандағы сәтсіздік: «Ақтөбені» баптауы мүмкін Таркович жайлы не білеміз?
27 наурыз, 10:00
Фото: Штефан Таркович
Словакиялық маман Штефан Таркович «Ақтөбе» басшылығымен келіссөз жүргізуде. 53 жастағы бапкер Словакия құрамасын Еуро-2020 турниріне алып шыққан, алайда Қырғызстан құрамасындағы соңғы жұмысы маманның жаңа жағдайларға бейімделу қабілетіне қатысты үлкен күмән тудырды.
ASnews.kz авторы «ақ-қызылдардың» жаңа бапкері туралы ақпарат жинады.
Штефан Таркович деген кім?
Штефан Таркович (18.02.1973 жылы туған) – UEFA Pro лицензиясы бар словакиялық маман. 2024 жылдан бастап еурокубок матчтарында техникалық бақылаушы болып жұмыс істейді. Бапкерлік мансабын 1997 жылы бастаған. Словакия құрамасында бас бапкердің көмекшісінен (2013–2018) және жергілікті футбол федерациясының техникалық директорынан (2019) бастап, 2020 жылдың қазан айында ұлттық құраманың бас бапкеріне дейінгі жолдан өтті.
Ойыншы ретіндегі мансабы
Штефан Таркович Словакияның төменгі дивизиондарында қорғаушы позициясында қарапайым ғана ойыншы мансабын өткізді. 1990-жылдары «Липаны», «Прешов» және «Свит» клубтарында өнер көрсетті. Кәсіби мансабы керемет болмады – Словакия футболының жоғары деңгейінде тұрақтай алмай, уақытының көбін екінші және үшінші лигаларда өткізді. 1997 жылы 24 жасында ойыншы ретіндегі мансабын аяқтап, бірден бапкерлік жұмысқа ауысты.
Словакия: өрлеу мен құлдырау
Еуро-2020 турниріне жол
2020 жылдың қазан айында Словакия құрамасын қабылдаған Тарковичке нақты міндет қойылды – команданы Еуро-2020-ға алып шығу. Ян Козак дәуіріндегі мықты мамандарды штабқа қайтара отырып, ол миссияны сәтті орындады: шешуші матчта Словакия Солтүстік Ирландияны қосымша уақытта тізе бүктіріп, турнирге берілетін тарихи жолдаманы жеңіп алды.
Еуро-2020: Польшаны жеңгенімен, турнирді ерте аяқтады
Словакия бұл турнирде Испания, Швеция және Польшамен бірге ең қиын топқа түсті. Поляктарға қарсы алғашқы матчта Таркович өзінің мықты қасиеттерін көрсетті – команда ұйымдасқан түрде ойнап, қызыл қағаз алғанына қарамастан, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
«Бұл – талант пен жанкештіліктің жеңісі. Матч алдында мен ойыншыларға осыны айттым. Таланттың өзі жеткіліксіз. Бүгін менің ойыншыларым мінез бен жеңіске деген құлшынысын көрсетті», – деді Таркович матчтан кейін.
Алайда одан кейін қиындықтар басталды. Швециядан 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін Словакия топтық кезеңнің соңғы матчында Испаниямен кездесті. «Қызыл фурия» словактарды 5:0 есебімен тас-талқан етті – бұл Словакия құрамасының ірі турнирлердегі ең ірі жеңілісі болды. Нәтижесінде топта үшінші орын алып, жарыстан шығып қалды.
Еуродан кейін: ӘЧ-2022 іріктеуіндегі сәтсіздік
2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Словакия көңіл көншітпейтін ойын көрсетті. Команда Хорватия мен Ресейді алға жіберіп, топта үшінші орын алды. Әсіресе соңғы матчта Хорватиядан өз алаңында жеңілуі ауыр тиді – плей-оффқа шығу үшін словактарға тең ойын да жеткілікті еді, бірақ команда 0:2 есебімен жол берді.
Одан да сорақысы УЕФА Ұлттар лигасында болды. 2022 жылдың 12 маусымында Словакия өз алаңында Ұлттар лигасы аясында Қазақстаннан 0:1 есебімен жеңілді. Бұл нәтиже шыдамның шегі болды. Таркович матчтан кейін бірден отставкаға кетті.
«Мен Словакия құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Бұл команданың мүддесі үшін дұрыс деп санаймын. Біз әлем чемпионатына шыға алмадық, енді өз алаңымызда Қазақстаннан жеңілдік. Бұл нәтижелерге мен жауаптымын», – деп мәлімдеді Таркович.
Словакия құрамасында өткізген 22 матчта ол 8 рет жеңіске жетіп, 7 рет тең түсті және 7 рет жеңіліс тапты. Жеңіске жету көрсеткіші – небәрі 36%.
Отанындағы беделі
Словакиялық БАҚ-та Тарковичтің жұмысы екі түрлі бағаланды. Sportnet.sk порталы оның дайындықтағы «тиянақтылығы мен мұқияттылығын» атап өткенімен, «тактиканы сирек өзгертетінін» және тым сақ ойнайтынын мәлімдеді.
Отставкадан кейін жергілікті журналистер Тарковичтің «Еуро-2020-дағы табысын әрі қарай дамыта алмағанын» және «ардагерлер кеткеннен кейін команда ойынын жүйелей алмағанын» жазды. ӘЧ іріктеуіндегі сәтсіздік пен Қазақстаннан жеңілу оның консервативті тәсілінің заңды нәтижесі ретінде қабылданды.
Қырғызстан: толық сәтсіздік
2023 жылдың 24 сәуірінде Қырғызстан футбол одағы Тарковичті ұлттық құраманың бас бапкері етіп тағайындағанын жариялады. Ол бұл қызметте команданы тоғыз жыл басқарып, Азия кубогына екі рет алып шыққан Александр Крестининді алмастырды.
Тарковичке толық еркіндік (карт-бланш) берілді. Команданың оқу-жаттығу жиындары үшін жергілікті чемпионат оңай тоқтатылатын. Сонымен қатар құрамды жасартуға бағытталған күрт қадам жасалып – құрама ардагерлерімен өте тез қоштасты.
Азия кубогы-2023: нашар нәтиже
Тарковичтің басты міндеті 2024 жылдың қаңтарында Катарда өткен Азия кубогында сәтті өнер көрсету болды. Қырғызстан Таиланд, Сауд Арабиясы және Оманмен бір топқа түсті. Нәтиже нашар болды: үш матч, нөл жеңіс, екі ірі жеңіліс және бір тең ойын.
- Қырғызстан 0:2 Таиланд. Алғашқы 20 минуттың жақсы өткеніне қарамастан, өте сақ, түсініксіз ойын. Команда бірде-бір қауіпті сәт жасай алмады.
- Қырғызстан 0:2 Сауд Арабиясы. Алғашқы минуттардан қорғанысқа құрылған (ультра-оборонительная) тактика. Дөрекі ойыны үшін команданың екі ойыншысы алаңнан қуылды. 9-минуттағы бірінші қызыл қағаздан кейін Таркович тіпті шабуылдауға тырыспады. «Екінші қызыл қағаздан кейін бәрі есепке келіп тірелді... Менің көзқарасым бойынша, біз рух көрсете алдық, олар өз елі үшін күресті», – деп ақталды бапкер.
- Қырғызстан 1:1 Оман. Жеңіс керек болған шешуші матчтағы жүйке жұқартқан, тұрақсыз ойын. Жалғыз голды натурализацияланған Джоэл Коджо өзінің жеке шеберлігінің арқасында соқты.
Британиялық журналист Мартин Лоу мақаласында былай деп атап өтті:
«Тарковичтің тәсілі, жұмсартып айтқанда, тым сақ болды. Таиландқа қарсы дәрменсіз әрі сақ ойын, Сауд Арабиясына қарсы басынан бастап жеңіліске мойынсұнған қорғаныстағы тактика, Оманмен матчта жүйкесі жұқарған ойын. Үш жағдайда да ерте жіберілген соққыдан кейін үміт сөніп отырды».
Тіпті баспасөз мәслихатында бір қырғыз журналисі Тарковичтен: «Азия кубогындағы ең нашар команда болу қандай сезім екен?» – деп төтесінен сұраған болатын.
Коммуникацияның жоқтығы және менталитетті түсінбеу
«Көпшілік оны жақсы маман ретінде бағалайды. Алайда оның ойыншылармен тіл табыса алмай, өзінің ойы мен көзқарасын дұрыс жеткізе алмағаны анық. Біздің менталитетіміздің ерекшеліктерін түсінбеді. Менің білуімше, оның уақыты жеткілікті болса да, ойыншылармен көп әңгімелеспейтін», – деді Теңгелбес Мұсаев ASnews.kz порталына берген сұхбатында.
Даулы кадрлық шешімдер мен ӘЧ-2026 іріктеуі
Таркович Азия кубогының тізімінен құрама тарихындағы ең үздік сұрмерген Мирлан Мурзаевты шет қалдырды. Оның орнына жастарға сенім артқанымен, нақты ойын жоспары болмағандықтан бұл ойы нәтиже бермеді. Одан кейін Әлем чемпионатының іріктеуінде Қырғызстан Малайзиядан 3:1 есебімен ұтып тұрып, жеңісті қолдан беріп алды (3:4).
Жалпы статистика: 18 матч, 5 жеңіс, 4 тең ойын, 9 жеңіліс. Жеңіске жету көрсеткіші – небәрі 28%.
Тактикасы мен ойын стилі
Таркович – қорғаныстағы тактиканы қалайтын ескі мектептің бапкері (сүйікті схемалары – 4-4-2 және 4-2-3-1). Оның командалары ұйымдасқан ойынға, тәртіпке және қарсы шабуылдарға басымдық береді. Бұл стиль ойыншылардың креативтілігіне кері әсер етеді.
Тарковичтің мықты тұстары:
- Ұлттық құрамалармен жұмыс тәжірибесі: Шектеулі уақыт жағдайында жұмыс істей алады.
- Ұйымдастырушылық қабілеті: Командалары көп гол жібермейді.
- Тәртіп: Ойыншылардан нәтиже үшін жанкештілікті талап етеді.
Әлсіз тұстары:
- Жаңа жағдайларға бейімделе алмауы: Азиялық менталитетті түсінбейді және басқа мәдениеттегі ойыншылармен коммуникация орната алмайды. Қазақстан да – Словакия емес.
- Нақты ойын жоспарының жоқтығы.
- Консерватизм: «Ақтөбеге» тек қорғанатын емес, шабуылдайтын бапкер қажет.
- Ойыншылармен жеке сөйлеспеуі.
- Бір жыл жұмыссыз қалуы: 2024 жылдың маусымынан кейін командалармен жұмыс істемей, әкімшілік қызметке орналасты (Словакия футбол одағының техникалық директоры). Бұл клубтардан ұсыныс түспегенін білдіреді.
Қорытынды: Магомед Адиевпен салыстыру
ASnews.kz ақпараты бойынша, «Ақтөбенің» шорт-листінде Магомед Адиев те болған. Адиев – Орталық Азия ойыншыларының менталитетін түсінетін, оларды ынталандыра алатын және дұрыс байланыс орната білетін маман. Ал Таркович Қырғызстанда дәл осы аспектілер бойынша сәтсіздікке ұшырады. Қырғыздар мен қазақтардың менталитеті ұқсас, егер словакиялық маман қырғыз футболшыларымен ортақ тіл таба алмаса, Қазақстанда табысқа жету мүмкіндігі де өте төмен.
Азия кубогындағы сәтсіздік, нақты ойын жоспарының жоқтығы, ойыншылармен тіл табыса алмау – мұның бәрі чемпиондық үшін таласып, еурокубоктарда ойнайтын «Ақтөбе» үшін үлкен тәуекел. Қазақстандық футболға жергілікті менталитетті түсінетін, шабуылдаушы, тартымды футбол ойната алатын бапкерлер қажет. Тарковичтің «Ақтөбеге» тағайындалуы клубтың амбициялары мен маманның осындай жағдайлардағы жақында болған сәтсіздігін ескерсек, өте қауіпті эксперимент болып көрінеді.
Еске салайық, ASnews.kz порталына словакиялық маман Штефан Тарковичтің «Ақтөбе» басшылығымен келіссөздердің шешуші кезеңінде тұрғаны және жақын арада қазақстандық клубты басқаруы мүмкін екені белгілі болған еді.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Сарапшы – «Ақтөбенің» жаңа бапкері туралы: Қырғызстан менталитетін түсіне алмады
1Глеб Макридов: «Атлетикоға» келгеніме қуаныштымын – мұнда әлемнің үздіктері доп тебеді
2Қақпадағы қорғаушы және Африкалық ертегі: Қазақстанмен ойнайтын Комор аралдары деген кім?
3Грозныйлық «Ахматтың» бұрынғы футболшысы Кенжебек туралы: қысқа уақыт ішінде өз деңгейін көрсетуі тиіс
4Турнирлік кесте
Астана
Ордабасы
Оқжетпес
Қайрат
Елімай
Қызылжар
Ұлытау
Ертіс
Атырау
Ақтөбе
Алтай
Жеңіс
Қайсар
Жетісу
Каспий
Тобыл
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Фулхэм
Брайтон
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Кристал Пэлас
Лидс
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Эспаньол
Валенсия
Жирона
Райо Вальекано
Севилья
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Хоффенхайм
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Аугсбург
Майнц
Гамбург
Боруссия М
Вердер
Кёльн
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Ювентус
Рома
Аталанта
Лацио
Болонья
Сассуоло
Удинезе
Парма
Дженоа
Торино
Кальяри
Фиорентина
Кремонезе
Лечче
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Лилль
Монако
Ренн
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Брест
Анже
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц