Қазақстан құрамасының бапкері – легионерлер жайлы: олар еуропалық футболдағы жаңашылдықтарды алып келуі тиіс
24 наурыз, 16:54
Фото: Талғат Байсуфинов
Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов матч алдындағы баспасөз мәслихатында құрам жасақтау мәселесі жайлы кеңінен айтып берді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Ұлттық құрама – бұл менің де, Футбол федерациясының да командасы емес, бұл – халықтың командасы. Қазіргі жағдайды ескере отырып, біз жанкүйерлердің жіті бақылауында екенімізді түсінуіміз керек. Жас ойыншылардың жаңа буыны өсіп келеді, сондықтан құрамды барынша әділ әрі объективті түрде жасақтауымыз қажет. Осы жиынға арналған кеңейтілген тізім Түркиядағы жиында біздің бақылауымыздың негізінде жасалды. Ал соңында шақырылған 26 футболшы ойын тәжірибесі мен чемпионаттың алғашқы үш турында көрсеткен деңгейіне қарай іріктелді», – деді маман.
Жаттықтырушы FIFA Series турниріндегі мақсаттар мен Еуропада өнер көрсететін легионерлердің рөліне де тоқталды:
«Бұл – біздің дайындықтың алғашқы кезеңі, негізгі мақсат – Ұлттар лигасы. Соған қарамастан, ФИФА осындай турнир ұйымдастырған соң, біз үшін нәтиже бірінші орында. Шетелде ойнайтын футболшыларға келсек, енді олар еуропалық футболдағы жаңашылдықтарды алып келетін негізгі буынға айналуы керек. Біз толықтай кәсіби деңгейге көшуіміз қажет. Олар жоғары деңгейлі клубтарда ойнайды, онда медициналық қызмет те, қалпына келу жүйесі де өте жақсы жолға қойылған. Ұлттық құрама – олар үшін үлкен мүмкіндік, өйткені оларды скауттар бақылайды. Біз қоятын талаптардың барлығы олардың клубтарында да бар».
Сөз соңында Байсуфинов команданың тактикалық дайындығы туралы айтты:
«Бұл турнирге дайындық барысында біз үш негізгі компонентке сүйендік: жинақылық, алға бағытталған алғашқы пас және алаңды кеңінен пайдалану. Осы бағыттардың барлығын нақтылап, ойыншылардың клубтарында ойнап жүрген уақытына көз жеткіздік. Қазір басты міндет – ұзақ сапарлардан кейін футболшыларды қалыпқа келтіру. Тактикалық тұрғыдан еш мәселе жоқ, өйткені ойыншылар ақпаратты жақсы қабылдап жатыр».
FIFA Series 2026 турнирі аясындағы Қазақстан мен Намибия арасындағы матч 25 наурыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын 17:00-де басталады.
Талғат Байсуфинов шәкірттері үшін биылғы маусымдағы басты ресми турнир – қыркүйекте басталатын УЕФА Ұлттар лигасы болмақ.
Қазақстан құрамасына бұл жолы төрт легионер шақырылды: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей) және Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия).
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Лиганың экс-президенті Намибиямен өтетін ойын туралы: Қазақстанға қиындық тудыруы мүмкін
1Турнирлік кесте
Астана
Ордабасы
Оқжетпес
Қайрат
Елімай
Қызылжар
Ұлытау
Ертіс
Атырау
Ақтөбе
Алтай
Жеңіс
Қайсар
Жетісу
Каспий
Тобыл
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Фулхэм
Брайтон
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Кристал Пэлас
Лидс
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Эспаньол
Валенсия
Жирона
Райо Вальекано
Севилья
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Хоффенхайм
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Аугсбург
Майнц
Гамбург
Боруссия М
Вердер
Кёльн
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Ювентус
Рома
Аталанта
Лацио
Болонья
Сассуоло
Удинезе
Парма
Дженоа
Торино
Кальяри
Фиорентина
Кремонезе
Лечче
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Лилль
Монако
Ренн
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Брест
Анже
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов