Матч орталығы
Асхат Тағыберген «Тобылдағы» болашағына қатысты шешім қабылдады
1 қараша, 19:45

Фото: Асхат Тағыберген
Қостанайлық «Тобылдың» капитаны Асхат Тағыберген клубпен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды ASnews.kz.
36 жастағы жартылай қорғаушымен ынтымақтастықты жалғастыруға команданың жаңа басшылығы мен бапкерлер штабы мүдделі.
Өткен маусымда Тағыберген қостанайлықтар сапында барлық додада 35 матч өткізіп, төрт гол соқты және сегіз нәтижелі пас берді. Биылғы наурыз айында қостанайлықтар Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды, ал ҚПЛ-2026 қорытындысы бойынша турнир кестесінде жетінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, ұлттық құраманың бұрынғы капитаны өз мансабында төрт рет ел чемпионы атанып, үш рет Қазақстан Кубогын жеңіп алған. Жартылай қорғаушының трансферлік құны 400 мың еуроға бағаланып отыр.
Әлім Динасылов