Скаут – «Тобылдың» жаңа шабуылшысы жайлы: он гол соғады және Мусадан асып түседі
8 ақпан, 10:37
Фото: Рубин Хебай
Өзбекстан нарығына маманданған ресейлік скаут Николай Егорычев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Тобыл» шабуылшысы Рубин Хебайдың келешегін бағалады.
«2023 жылы Хебай «Әндіжан» сапында Өзбекстан Суперлигасының үздік шабуылшыларының бірі болды, лиганың үздік бес форвардының қатарына сенімді түрде кірді. Кейін ол тиімді ұсыныспен Сауд Арабиясының екінші лигасына кетті, бірақ ол жақта ұзақ тұрақтамады.
Өзбекстанға оралған соң ол бірден көзге түсе қоймады, десе де 2025 жылғы маусымның екінші жартысын «Соғдианада» жаман өткізбеді. Алайда, бұл бұрынғы бабы келіскен шағындағы Хебай емес. Ол кездегі нәтижелілікті («Әндіжандағыдай») қайталауы екіталай, бірақ егер бабына келіп, бейімделіп кетсе – пайдасы тиеді. Конференция лигасының деңгейін көтере алады», – деп есептейді Егорычев.
Скаут Хебайдың жағдайы «Қайсар» қызығушылық танытып отырған ЦСКА-ның бұрынғы форварды Ахмед Мусадан гөрі тәуірлеу деп санайды.
«Егер Мусамен салыстырсақ, Хебайдың трансфері ұтымдырақ көрінеді. Муса – мансабы анық құлдырап бара жатқан адам. Ал Хебай, барлық нюанстарға қарамастан, әлі нағыз күш-қуаты толысқан шағында.
Бұл «супер-топ» трансфер болады деп ойламаймын, бірақ ол маусымда өз ондығын (10 гол) соғуы керек. Егер бір жыл жарақатсыз ойнаса – 10 доп соғуға шамасы жетеді», – деп түйіндеді маман.
Еске салайық, қостанайлық «Тобыл» 27 жастағы албаниялық шабуылшы Рубин Хебаймен келісімшартқа отырғанын жариялады.
Хебайдың футбол жолы албаниялық «Влазния» клубының жүйесінде басталды (U-15). Кейіннен шабуылшы словениялық «Домжале», албаниялық «Партизани» мен «Теута», солтүстік македониялық «Шкендия», сауд арабиялық «Аль-Ороба», украиналық «Ворскла» және өзбекстандық «Әндіжан» клубтарының намысын қорғады. «Тобылға» ауысар алдындағы соңғы клубы – Жызақтың «Соғдианасы».
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
«Ақтөбенің» экс-футболшысы – «Циндаоға» ауысқаны туралы: Қытайда барлық жағдай жасалған
1Бундеслиганың бұрынғы ойыншысы – ҚПЛ туралы: жаңа маусымда «Ақтөбеге» қиын болады
2Турнирлік кесте
Қайрат
Астана
Тобыл
Елімай
Ақтөбе
Жеңіс
Ордабасы
Оқжетпес
Қызылжар
Ұлытау
Қайсар
Жетісу
Атырау
Тұран
Арсенал
Манчестер Сити
Астон Вилла
Ливерпуль
Брентфорд
Ньюкасл Юнайтед
Манчестер Юнайтед
Челси
Фулхэм
Сандерленд
Брайтон
Эвертон
Кристал Пэлас
Тоттенхэм
Борнмут
Лидс
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Эспаньол
Бетис
Сельта
Атлетик Бильбао
Эльче
Райо Вальекано
Реал Сосьедад
Хетафе
Жирона
Севилья
Осасуна
Алавес
Мальорка
Валенсия
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Хоффенхайм
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Боруссия М
Кёльн
Вердер
Гамбург
Вольфсбург
Аугсбург
Майнц
Санкт-Паули
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Ювентус
Наполи
Рома
Комо
Аталанта
Лацио
Болонья
Удинезе
Сассуоло
Торино
Кремонезе
Парма
Дженоа
Кальяри
Лечче
Фиорентина
Пиза
Верона
Ланс
ПСЖ
Марсель
Лилль
Лион
Ренн
Страсбур
Тулуза
Монако
Анже
Брест
Лорьян
Гавр
Ницца
Париж
Нант
Осер
Метц
Әлім Динасылов